Қоғам • 13 Маусым, 2024
Былтырғы 1 шілдеден бастап елімізде Әлеуметтік кодекс күшіне еніп, зейнетақы жүйесіне біраз өзгеріс енді. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілді. Ана мен баланы қорғау жүйесінде де елеулі өзгеріс бар. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иеленген аналар жәрдемақыларының мөлшері сараланып, бала күтімімен отырғандар бір жарым жасқа дейін жәрдемақы алуға мүмкіндік алды.
Білім • 13 Маусым, 2024
Қазіргі жақсы жағдайымыздың көбі – ғылымның жетістігі, ғылымның күші. Қай заманда да сол дәуірдің қажеттіліктеріне қарай түйткілдер туындап отырған, оның түйінін тарқатудың тәсілдерін де ғылым өкілдері қарым-қабілетінше зерттеп, тауып, ұсынып отырады. Соңғы кездері озат оқушылар да өздерінің өнертабыстары арқылы еліміздегі өзекті мәселелердің шешімін ұсынып жүр. Көңіл қуантады. Солардың бір сыпырасын өздеріңізге ұсынамыз.
Аймақтар • 13 Маусым, 2024
Оранғайдағы оңалту орталығы қашан ашылады?
Облыс орталығы, Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін алған Түркістанда соңғы 5-6 жылдың көлемінде құрылыстың қарқыны күшті. Ертегідегідей еліте түсетін ерекше ғимараттарымен, тотыдай түрленген Түркістан туралы қазір қандай теңеу айтсаңыз да, қалай толғансаңыз да жарасады. Алайда осыншама керемет нысанның бәрі ертегідегідей ғайыптан пайда болмағанын айтпасақ та түсінікті. Мұның арғы жағында бір түйткілдің, біраз проблеманың жатқаны рас.
Экономика • 13 Маусым, 2024
Креативті индустрия қалай дамып жатыр?
Қазіргі таңда экономиканың басым бағыттарының біріне айналып отырған креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Ол біраз елде мемлекеттік қолдауға ие болып, нарықта ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қосқан үлесі 3 пайызға жетеді. Кей дамыған елдерде 10-12 пайызды құрайды екен.
Білім • 13 Маусым, 2024
Педагогикалық шеберлігін шыңдайды
Еуропалық одақтың жобасы отандық Педагогикалық шеберлік орталығына сеніп тапсырылды.