Саясат • 11 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауынан кейін, яғни 10 маусым күні Ақордада шетелдік және отандық журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы алдымен өзіне қолдау білдірген сайлаушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.
Абай • 10 Маусым, 2019
Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ғаруз өлшемі
Қазақ әдебиетінің ежелден тарихи тамырластығы бар Шығыс әдебиетімен байланысы XIX ғасырда айрықша күшейді. XIX ғaсыр ұлттық әдебиеттің бет-бедері айқындалып, ішкі дәстүр заңдылығы біршама қалыптасқан кезең. Осындай әдебиеттің өрлеу кезеңінде шығыстық дәстүрмен бетпе-бет келген ұлттық поэзиямыздың қаншалықты үлгі мектебі болса да, шығыстық үрдіске басыбайлы тәуелденіп, сол арнаға біржола бет бұрып кетуі мүмкін емес еді. Авторы белгісіз ауыз әдебиетінің аясынан шығып, жазбаша үрдістің жаңаша соқпағына түскен ұлттық әдебиетімізге тарихи дамудың осынау өтпелі кезеңінде сан ғасырлық тарихы бар шығыстық дәстүрдің, оның ішінде түркі жазба әдебиетінің өнеге болғаны анық.
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Руханият» орталығында Халық ақыны Қонысбай Әбіл ағамызды мерейлі 65 жас туған күнімен құттықтаудың сәті түскен еді. Алдымен мекеме басшысы Ержан Еңсебай майталман айтыскерге елорданың әкімі Бақыт Сұлтановтың Құттықтау хатын тапсырды.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Айнұр Жандосқызы: Заң бұзу байқалмады
Біздің платформа сайлауға халықтың атынан атсалысты. Халық таңғы бестен бастап елордадағы №111 учаскеге жинала бастады. Сонда 83 жастағы алғашқы сайлаушыны көрдім. Қаншайым апа балаларының болашағы үшін өз таңдауын жасауға келіпті. Бірінші сайлаушы болғандықтан, оған сыйлық табысталды.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Президент сайлауының барынша ашық өтуін қадағалау мақсатында Қазақстанға шетелдерден бірқатар байқаушы келгені мәлім. Еліміздегі ең алып мегаполис саналатын Алматыдағы қызу саяси науқанды бақылауға 80-нен астам халықаралық сарапшы қатысты. Шаһардағы 563 сайлау учаскесіне 1 миллион 130 мың 792 сайлаушы тіркелген. Учаскелер тасымалданатын және тұрақты сайлау жәшіктерімен, қажетті ақпараттық материалдармен толықтай қамтылды.