Үкімет • 13 Маусым, 2024
Тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігі артады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде негізінен әлеуметтік, құқықтық мәселелерді қарастырған заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ бірқатар халықаралық келісімді ратификациялауға бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды.
Қазақстан • 13 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық қатынастар жолына түскен кезде «Сен ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген жаңа мәтел пайда болып, материалдық байлық басты құндылыққа айналғаны, ал мемлекеттік қызмет баюдың құралы саналып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық белең алғаны белгілі. Мұның өзі еліміздің дамуын тежеген басты фактордың бірі еді.
«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024
Жайық жағасын тазалау басталды
Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы енді басталды. Өйткені өңір тұрғындары кейінгі екі ай бойы Жайық өзеніндегі тасқын судан төнген қауіпке байланысты әбігерге түскен еді.
Саясат • 13 Маусым, 2024
Қазақстан – Корея: Ынтымақтастықтың маңызды белесі
Елімізге Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мемлекеттік сапармен келді. Оны «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұраны орындалды.
«Таза Қазақстан» • 13 Маусым, 2024
Биыл Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасы ерекше ыждағатпен өтіп жатыр. «Amanat» партиясының өңірдегі мүшелері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында бір кісідей жұмылып, сенбілікке шықты.