Театр • 09 Маусым, 2017
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының ХIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне А.Чеховтің «Шие» комедиясымен қатысты. Фестиваль бағдарламасында Қазақстан, Ресей, Эстония, Башқұртстан, Алтай, Якутия, Хакасия елдерінің ең үздік 18 театр қойылымы ұсынылды.
Театр • 09 Маусым, 2017
Үрей мен үміт кезектескен қойылым
Тіршілік сабақтастықтан тұрады. Әлемде болып жатқан оқиғалар біреуден-біреуге жету арқылы, ол туралы барша халық, адамзат құлақтанады. Мысалы, теледидардағы халықаралық хабарларды есту арқылы айтулы ақын Сабыр Адай «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» атты сана мен елес, үрей мен үміт, жүрек пен жыр, жеті қат жер, жеті қат көк, жеті саз жайлы жеті бөлімнен тұратын өмірзая-толғауды өмірге әкелген болатын. Ақтауда өткен ақынның шығармашылық кешінде Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры толғауды сахнаға театр ұжымының еркін шығармашылық ізденісі нәтижесіндегі тың дүние етіп алып шықты.
Әдебиет • 09 Маусым, 2017
Қазанғаптың қанша күйі болған?
Қазанғаптың қанша күйі болғанын ешкім де тап басып айта алмайды. Бірақ оның тек «Ақжелең» күйінің өзі ғана 62 нұсқадан тұратынын қазанғаптанушылар айтып та, жазып та жүр. Ал одан басқа да Қазанғап домбырасының шанағынан көптеген күйлер төгілген. Күйлерін ұлы күйшінің өзінен үйреніп, жанында жүрген тікелей шәкірттері боп өмірден өткен Жәлекеш Айпақов, Кәдіралы Ержанов, Мәжит Бейсенбаев секілді көптеген домбырашы-күйшілер, арнайы Шалқарға келіп, Қазанғаптың күйлерін жазып алған академик Ахмет Жұбанов, экспедиция жасақтап келген Бек Сүлейменов, Мардан Байділдаев және басқа ғалымдар, Қазанғап күйлерін нотаға түсіріп, ғылыми айналымға қосқан Сәдуақас Балмағамбетов те Қазанғаптың күйлерін толық жинақтай алмады. Қазіргі кезде Қазанғап күйлерінің аттары белгілі болғанымен, оларды ешкім толық біле бермейді.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Үлкен жауапкершілік пен салмағы бар істі абыроймен атқара білудің өзіне де біріншіден арлылық тән екені анық. «Жарлы болма, арлы бол» демей ме дана халқымыз. Осындай арлы азаматтың бірі, тіпті бірі емес-ау, бірегейі, марқұм Ғалымжан Нұрышев еді.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Әркім өз денсаулығының дәрігері
Елбасы биылғы Жолдауында елімізде енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты нақты тапсырмалар жүктегені белгілі. Мемлекет басшысы жүйенің жүйелі жұмыс жасауы үшін ең алдымен ақпараттандыру қызметі ақсамауы керектігін айтқан-ды. Халықты хабардар ету міндеті қалай атқарылып жатқаны жөнінде Алматы шаһарының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жүйесін түсіндіру бойынша бас спикері Марат ШӘДІБАЙҰЛЫМЕН әңгімелескен едік.