Саясат • 09 Маусым, 2023
Қытай делегациясы Жаркент жерінде
Жетісу жері – сыртқы сауда айналымының бір ошағы. Сондықтан өңірге шетелдік мамандардың қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Осы ретте «Алтынкөл» стансасы мен «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің жұмысымен танысуға Қытай Халық Республикасынан арнайы делегация келді. Олар бекеттің инфрақұрылымына оң баға берді.
Форум • 09 Маусым, 2023
Астана халықаралық форумында сарапшылар сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік мәселесін жан-жақты талқылап жатыр. Олардың айтуынша, жаһандағы геосаяси тұрақсыздыққа соңғы 30 жыл ішінде әлемде 170 әскери қақтығыс себеп болыпты. Соңғы 10 жылда Ирак, Ливия, Сирия, Украина, Таулы Қарабақ, басқа аймақтардағы қанды қақтығыстар – соның куәсі. Тіпті технологиялық әлеуеті жоғары Корея, Жапония секілді мәдениетті елдердің де қарсыласы бар. «Орталық Азиядағы жетекші ел Қазақстан көпқырлы саясатының арқасында әлемде бейбітшілікті сақтап отыр», деді Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев.
Қоғам • 09 Маусым, 2023
Құнды қолжазбалар қамқорлыққа зәру
Дамыған елдер көне жазба деректерді көзінің қарашығындай сақтап, ұлттық рухани құндылық ретінде мемлекеттік деңгейде қамқорлыққа алған. Алыстағы Америкада ғасырлар бойы жинақталған қорлар, Батыс Еуропадағы Рим, Ватикан, Лондон, Париж, Берлин сияқты ірі қалалардағы қолжазбалардың сақталуы мен жүйеленуі, ғылыми тұрғыдан зерттелу деңгейі – озық өнегенің үлгісі.
Сенат • 09 Маусым, 2023
Кеше Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында депутаттарға жаңа сенаторды таныстырды. Сондай-ақ отырыс кезінде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.
Бокс • 09 Маусым, 2023
Олимпиадамен қоштасуға асықпаймыз...
Спорт әлемінде футболдан кейін жанкүйері ең көп спорт түрінің бірі саналатын әуесқой бокс алдағы Париж Олимпиадасының бағдарламасында қалуы мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті боксты Олимпия ойындарының бағдарламасында қалдыруды ұсынып отыр.