Байқау • 12 Маусым, 2024
Елорда төрінде мамыр айында шымылдығы түріліп, шілдеге дейін жалғасатын бірегей өнер думаны – «Опералия-2024» халықаралық музыкалық фестивалі жарқын бағдарламасымен көрерменін қуантып келеді. Соның бірі – «Астана опера» сахнасында өткен жұлдызды гала-кеш. Айтулы шара әлемдік деңгейдегі көптеген үздік орындаушылардың басын қосып қана қоймай, классикалық және заманауи туындылар ұлттық қойылымдармен жарасымды үйлесім тапқан тамаша бағдарлама ұсынды.
Өнер • 12 Маусым, 2024
Кейінгі жылдары елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен мәдениет саласын ілгерілету аясында бірқатар бастама қолға алынды. Оның ішінде халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту іс-шаралары да бар. Мәселен, жуырда мәдениет саласының қызметкерлері кезекті рет Франция, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Түркия, Аустрия, Венгрия, Грузия және басқа елдердің жетекші әлемдік мәдени орталықтарында біліктілігін арттырып, оқып келді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, олар – кітапханашы, мұражайтанушы, мұрағатшы, хайуанаттар бағының ветеринары, цирк және театр әртістері.
Өнер • 12 Маусым, 2024
Иса Байзақов атындағы филармониядағы симфониялық оркестрдің маусымжабар концерті үлкен аншлагпен өтті. Дирижер Болат Рақымжанов бұл жолы оркестр тізгінін «Астана опера» театрынан келген жас маэстро Руслан Баймұрзинге ұсынған екен. Саз кешіне дирижер өзіндік сән-салтанатын ала келді.
Таным • 12 Маусым, 2024
Адам мінезі әртүрлі. Швейцариялық психолог Карл Густав Юнг мінезді зерделей келе, экстраверт адамдар мен интроверт адамдардың анықтамасын жасаған-ды.
Таным • 12 Маусым, 2024
Жақында академик Ғарифолла Есімнің «Бүгін» тақырыбындағы семинарына қатыстым. Ойшыл қоғамдық санадағы шамадан тыс жоспаршылдық үрдісін сынға алып, қазіргі уақыттың маңыздылығына мән бермей жатқанымыз хақында ой тарқатты.