Қоғам • 11 Маусым, 2024
Төртінші, әлде бесінші сыныпта оқитын кезім. Ерте көктемде мал қораның ішіне қарлығаш ұя салады. Кіп-кішкентай құстың соншалықты еңбекқорлығына қайран қалатын едім. Есіктен зып етіп шыққаны сол, қайта оралады. Аузында шөп-шалам, жүн-жұрқа, кейде балшық та тістеп әкеледі-ау деймін.
Аймақтар • 11 Маусым, 2024
Тыйым салынған жерге үйір болатыны несі...
Жаз маусымы басталысымен суы мөлдір, тұзды, жағасында сары құмы салынған төсектей мамық Каспий теңізінде демалуға қызығатындар саны артады. Бірақ әр нәрсенің өзіне тән қиындығы, белгісіз қыр-сыры көп болады. Сондықтан әрбір демалушы өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы тәртіп-ережелерді назарда ұстауға тиіс-ақ. Алайда Каспий теңізіне келіп демалушылар сақтандыру ережелеріне мән бермейтін секілді.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Жүйке жүйесі сыр берген науқастарды қоғам қалай қабылдайды? Мүсіркемей қолдау көрсете ме, әлде үрке қарай ма? Дәрігерлер мен саланы зерделеп жүрген мамандар осы сауалдың жай-жапсарына үңілді.
Ұлттық спорт • 11 Маусым, 2024
Жамбы атудан чемпионат аяқталды
Халқымыздың мергендік өнері жамбы атудан жасөспірімдер арасындағы еліміздің ІХ чемпионаты Талдықорған қаласында өтіп, оған 12 облыстан іріктелген 40-қа жуық спортшы қатысты.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мәдени мұраны сақтау, зерттеу және танымал ету, архив ісін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру» бағытындағы мемлекеттік тапсырыспен стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша жариялаған конкурста «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі қаламгерлерге арналған үш жобаның жеңімпазы атанды.