Руханият • 11 Маусым, 2024
Газет бастауында тұрған Мұхамеджан Сералиннің қалай жазғанынан беймәлімбіз. Ал осы басылымның тағы бір басшысы Бейімбет Майлиннің маңдайына түскен қою шашын саусақтарымен шиырлап, түнгі терезеге жанарын жасқана қадап қойып, сүйкектетіп отырғанын елестетеміз. Сыртта үрей кезіп жүр, қағынан заманның сұсы жаман. Көбіне алаң көңілін жазумен басқан екен, жарықтық, естеліктерден білетініміз солай. Сонда да қандай құқайға қармастан өздері ашқан «Ауыл» (бүгінгі облыстық «Қостанай таңы») газетін шығарудан айнымаған ғой. Сол арыстардың жалғасы – кейінгі ағаларымыз қалай жазды екен деген таңсық сұрақ, міне, жүз екі жыл бедерінде де еліктіріп қоймайтыны несі екен?
Саясат • 11 Маусым, 2024
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Душанбеде (Тәжікстан) өткен «Су – тұрақты даму кепілі: 2018-2028 жылдар» әлемдік іс-қимыл онжылдығына қатысты ІІІ халықаралық конференцияда сөз сөйледі.
Таным • 11 Маусым, 2024
Авторы адам ба, маймыл ма? Өнердің құдіреті шексіз. Шын өнер сенбеске сендіреді, таңғалмасқа таңғалдырады, жанарды жаулайды, жаныңды толқытады. Тіпті кейде көз алдыңыздағы түрлі түсті ғажайыпқа толы кенепті кім салғаны да маңызды емес. Кімнің қылқаламынан шықса да, жалғыз ақиқаты – бұл нағыз шеберлік.
Таным • 11 Маусым, 2024
Ол жерден таппағанын көктен іздеді. Ай дегені – айғыз айна, күн дегені күбіртке күкірт екен. Жұлдыз дегені – жыпырлаған қоңыз, шындық дегені өтірікке барабар аңыз екен. Қайда барып құтылмақ? Аяулы тұрақ, баянды жұмақ жер бар ма екен жалғанда? Қайдан болсын... Өзі жалған саналса, сыя ма оның ішіне ардан туған ақиқат? Санаңа салмақ, жүрегіңе жүк түсіретін осындай зілмауыр сұрақтармен ұжданыңды тергеп, ұятыңды таразылайтын Г.Бюхнердің «Войцек» қойылымы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында сахналанды.
Өнер • 11 Маусым, 2024
Суретші біткен алғашқы және соңғы суретін балалық шағынан ұрлайды. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери «біздің шыққан тегіміз –балалық шақ» дегеніндей, кейбір көркем туынды балдаурен сәттің көркем естелігіндей көңілге ыстық келеді. Сол алаңсыз шақтар ең аяулы күндердің кітапханасындай. Біз заманауи суретші Мейіржан Нұрғожиннің «Ұшақ, ұшақ...» атты туындысынан соны көреміз.