Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған флешмоб өтті
Қызылжар өңірінде 600-ден астам тәртіп сақшыларының қатысуымен «Қарасай батыр» стадионында өткен флешмоб бұқаралық сипат алды.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Қарағанды облысында Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды
Қарағанды облысының Саран қаласы маңында «SES Saran» ЖШС орталығы Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвесторлары Еуропалық одақтың өкілдері болып табылатын жобаның құны – шамамен 140 миллион еуро.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Бағдарлама игілігі баршаға ортақ
Тарих қойнауынан тамыр тартып, есте жоқ ескі замандардың тылсымынан сыр шертетін көне мекеннің байтақ қазынасы – ортақ игілік. Талайғы тарихта аты жиі кездесетін Талас өзенінің бойындағы Тараз шаһары кезінде шайырлардың шынайы ғазалдарына арқау болғаны да шын. Сол шаһардың көнелігін еске салып тұратын бірқатар нысандар болғанымен, Тараз бүгінде жаңғыру жолына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» деп атап көрсеткендей, сол темірқазық мекен заман ағымына, уақыт сұранысына сай дамып келеді. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың және халықтың игілігіне арналған арнайы бағдарламалардың тигізер септігі орасан.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Мақсат – индустриялық аймақ әлеуетін көтеру
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа индустриялар құру мен қалыптастыру ісі маңызды кешенді міндет екені атап көрсетілген. Оның басты шарты инновацияны қолдау және өндіріске енгізу болмақ. Бұл міндетті жүзеге асыруда индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тигізетін септігі мен көмегі мол демекпіз. Біздің ойымызша, бұл мәселеде бірізділік пен шарттылық болмауы тиіс. Айталық, индустрияны дамыту ісінде белгілі бір аймақта технопарктердің қызметі оң жолға қойылса, елдің екінші бір өңірінде индустриялық аймақтардың алатын орны айрықша.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы үшін тағы бір мақсат, межені айқындап берді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлтымыздың ұлы мұраттарын нақты жүзеге асыруға зор мүмкіндік. Осы жолда Елбасы қоғамның, әрбір ел азаматының санасын жаңғыртудың нақты бірнеше басым бағыттарын нақтылап берді.