Қоғам • 07 Маусым, 2019
Осыдан бір жыл бұрын маусым айынан бастап Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында қолға алынған «Түнгі сот» қанатқақты жобасы іске қосылды. Атауы аңғартып тұрғандай, соттың бұл түрі туындаған даудың түйінін тарқатудың реті күндіз келмесе, оны кешіктірмей кешқұрым болсын шешіп тастауға қолайлы болды.
Қоғам • 07 Маусым, 2019
Жазықсыз жапа шеккен әйелдің шындық үшін шырылдаған жан дауысы әлі байыз табар емес
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
Маңғыстауда жыл басынан бері 5633 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Нұрмамедова Қарашаш Ішбергенқызы мәлімдеді.
Медицина • 07 Маусым, 2019
Дәріні рецептпен беруге жаңаша көзқарас қажет
Бүгінде тұрғындар құрамында есірткі мен психотроптық заттар бар дәрілер мен гормонды препараттардан өзге дәрі-дәрмекті кез келген дәріханадан емін-еркін сатып ала береді. Қоғамда дәрігердің көмегі мен кеңесіне жүгінбей, қабылдауына бармай өзін өзі емдейтіндер қатары да көп. Өйткені қала мен ауылдардағы фармацевтикалық нүктелерде дәрілерді рецептісіз алуға кең мүмкіндік беріліп, тыйым салынбай отыр. Оның соңы ауыр зардаптарға соқтырмасына кім кепіл?
Экономика • 07 Маусым, 2019
Минералды тыңайтқыштар нарығы шетелге тәуелді
Отандық өнім өндіру саласында дилерлік жүйе дамымай отыр. Осы олқылықтан көршілес елдердің минералды тыңайтқыш индустриясы пайда көруде. Жер қарайып, шөптің басы қылтия салысымен алыс-жақын шетелдердегі тыңайтқыш шығаратын зауыттардың өкілдері Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, өз өнімдерін жарнамалауға кірісетіні жасырын емес. Солардың бірі Ресейдің оңтүстік-шығыс аймағын тыңайтқышпен қамтамасыз етіп келген компания өкілдері жақында Алматыға келді.