Аймақтар • 27 Маусым, 2019
24 маусым. Арыс. Тоғыз ай анасының құрсағында жатқан нәрестенің жарық дүниеге талпынысы таң қылаң бере басталды. Ай-күні толған әйел әдеттегідей ауруханаға жеткізілді. Сүтпісірім уақыт өтпей айнала әлем-тапырық болды да кетті. Қатты жарылыстан аурухана терезесінің быт-шыты шығып, есіктері сынды. Толғағы жиілеген келіншек акушер Нағимамен бірге жан сауғалап, қала сыртына қалың қауыммен бірге қаша берді. Снарядтар құласа құлақтарын басып, жер бауырлап жата қалады. Балабақшада қалған 3 жасар қызын еске алған сайын ана жүрегі қарс айырылып, көз жасына ерік береді. Бұл 23 жастағы Кенженің қиын сәтте қасында болған қайырымды жандардың әңгімесі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2019
Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігінің халық алдындағы есебінің қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Онда министр Қанат Бозымбаев сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады.
Тағайындау • 27 Маусым, 2019
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аймақ басшысының өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Нұрлыбай Қаржаубайұлы Аққұлов тағайындалды.
Экономика • 27 Маусым, 2019
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың мамырына дейінгі атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берді.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Кеше Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы келді. Сапар барысында ол қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесіп, апатқа байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ гуманитарлық көмек бойынша өзге өңірлерден келген заттарды қарсы алу жұмыстарына қатысып, зардап шеккен ата-аналармен және балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.