Білім • 11 Маусым, 2024
Жас ұрпақтың сапалы білім алуымен қоса, жан-жақты дамып жетілгені келешек үшін аса маңызды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей назар аударып отырған мәселесі. Осы мақсатта Қарағандыда «Кәусар» оқушылар сарайы есігін ашты.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Ардагерлер Президент бастамасын қолдайды
Елордамызда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің кезекті пленумы өтіп, жиынға Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар қатысты.
Аймақтар • 11 Маусым, 2024
Ақтөбе облысындағы табиғат аясында орналасқан жеті лагерь 5 маусымнан бастап балаларды қабылдады. Мұнымен қатар облыс орталығы және аудандарда ұйымдастырылатын 673 мектепішілік лагерьдің 293-і таңертеңгілік 09.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істеп, балаларға ыстық тамақ ұйымдастырады. Айта кету керек, Ақтөбе облысында 1-10 сыныптарда оқитын 159 мың 381 бала бар.
Басылым • 11 Маусым, 2024
Басқа басылымдардан: Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғыз шешімі
Қазақстан Президенті геосаяси қарама-қайшылықтар әсерінен өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлердің ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Таяу Шығыстағы ұзақ уақытқа созылған қақтығыстың жалғыз шешімі – «екі халық үшін екі мемлекет» формуласына негізделген, астанасы Шығыс Иерусалимде болатын Палестина мемлекетін құру.
«Таза Қазақстан» • 11 Маусым, 2024
«Дала тазармай – сана тазармайды» деген осы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ашылған алғашқы экохаб алматылықтарға қоқысқа лақтырылатын тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды үйрете бастады десек те болады.