Спорт • 11 Маусым, 2024
Мажарстанның астанасы – Будапеште күрес түрлерінен Имре мен Варга Яноштың мемориалы аяқталды. Бұған дейін біз Қазақстанның еркін күрес шеберлері арасынан Әлішер Ерғалидің (97 кг) алтын, Юсуп Батырмұрзаевтың (125 кг) күміс, Ризабек Айтмұханның (97 кг) қола медальді иеленгені жайында баяндадық.
Үкімет • 11 Маусым, 2024
Мегаполистерге ірі көкөніс жеткізушілер бекітіледі
Маусым айының бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді. Өңірлердегі баға көрсеткіші вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.
Тәрбие • 11 Маусым, 2024
Адамзаттың арманы асқақ, үміті зор, келер күнім кемел болса екен, арғы күн оданда биік, таңы жадырап атып, күнін бұлт шалмай, күліп тұрса екен дейді. Бұл көбіне, қарапайым бұқараның тілек-тілеуіндей көрінетіні және бар. Осымен күн кешіп, өмір өткізіп келеміз. Мұндай тірлікте құт мекен – жері бар, көзге түртіп көрсетер рухани құндылығында кемдік жоқ, өнегесі өрісті, өренді ұрпағы бүтін, түтіні түзу шығатын жұрттар ғана алаңсыз болатыны ақиқат.
Ауыл • 11 Маусым, 2024
Вице-премьер Серік Жұманғарин «Родина «Агрофирма» серіктесітігінде және Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Родина ауылында болды.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Осы күні отқа салсаң жанбайтын, суға салсаң батпайтын, қалай лақтырсаң да төрт аяғымен тең түсетін, жойқын бір уәж пайда болды. Қандай дәлелді пікір болса да тойтарып тастайтын, кез келген күдікті сұрақты жойып жіберетін тылсым бір күш өсіп шықты. Ол аргумент «Қазір ХХІ ғасыр!» деп басталады. Сосын «Дамыған елдерде солай!» деп аяқталады. Қанша жерден қаһарына мініп, ашуға булығып тұрса да, бұл сөзді естіген былайғы жұрт бірден бәсеңсіп, қипақтап қалады. Бірақ қанша дәуір өтсе де құндылығын жоймайтын дүниелер бар емес пе? Соның бірі – кітапқа қатысты әңгіме.