Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Тірлігіне бірлігі демеу болған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу қажет екендігіне ерекше тоқтала келіп, «Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген. Сондықтан да мен үлгілі отбасы дегеніміз – ең алдымен көп балалы отбасылар болуы тиіс деп санаймын» деген болатын. Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Өнерімен жарасым тапқан шаңырақ
Екібастұздық Төлеубаевтар отбасы облыс орталығындағы «Шаңырақ» концерт залында өткен «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының жеңімпазы атанды.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
Елордада заманауи iQala қалалық қызметтер орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев iQala қалалық қызметтер орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Биылғы жаз маусымы басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 5,6 га болатын 2 орман өрті және қураған шөп пен ағаштардың 107 жануы тіркелген. Бұл жөнінде жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков хабарлады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, Ақжайық, Тасқала және Қазталов секілді төрт ауданын сумен қамтып, табиғатқа жан бітірген Киров-Шежін арнасының іске қосылған тарихи сәтіне куә болдым.