Халық • 07 Маусым, 2023
Қандасқа арналған бірегей карта
2023 жылдың шілдесінен бастап шетел қазақтары «Ата жолы» бірегей картасын алып, еліміздегі көптеген мүмкіндікті пайдалана алады.
Таным • 07 Маусым, 2023
«Арқада бір өзенді дер Обаған...»
Обаған – Қостанай өңірінің оңтүстігіндегі Шолақсай маңындағы далалық алқаптан бастау алып, солтүстіктегі Тобыл өзеніне құятын, ұзындығы 370 шақырымнан асатын өзен. Ол өзінің ағыс жолында Құсмұрынға құйып, Қарақамыс, Теңіз сынды бірнеше ірі көлді жағалай келе Тобылмен тоқайласып, одан әрі Ертіске, Ертіс – Обьқа, Обь – Қар теңізіне, Қар теңізі Солтүстік мұзды мұхитқа ұласады. Демек, Обаған – Ұлы дала төсіндегі кішігірім жылғалардан басталып, алыстағы алып мұхит қойнауында байыз табатын өзен.
Балалар • 07 Маусым, 2023
Керекуде күн күйіп тұр. Аптап ыстықтан сая іздеген жеткіншектер субұрқақтарға шомылып, қызыққа батып жүр. Алайда баланың субұрқақта бақылаусыз жүруіне тыйым салынғанын көп ата-ана білмесе керек. Қараусыздық салдарынан Ақсу қаласында 3 жасар қызды электр тогы соғып, ауруханаға түсті.
Экология • 07 Маусым, 2023
Кім-кімді болса да Арал теңізі теміржол стансасының қарсы бетіндегі көлемді тұзды сор мәселесі ойлантпай қоймайды. Тіршілік еткен соң қайсыбір жылдары қаладағы сортаң мен сор жерлерді топырақпен көмгенде, бұл тұзды сор неге ұмыт қалған? Әлі күнге дейін көпшілікті таңғалдырып келеді. Бөлінген бюджет қаржысы аз болды ма, әлде күші жетпеді ме?
Отбасы • 07 Маусым, 2023
Күннің шыжып тұрғанына қарамастан, облыс әкімдігінің алдына Өскеменнің көпбалалы аналары жиналды. Кейбіреуі құндақтағы сәбилеріне дейін алып шыққан. Талаптарына құлақ түрсек, бұған дейін қала басшылығынан арендалық пәтерлерін жекешелендіріп беруді және үйдің құрылысындағы ақауларды жөндеулерін сұраған. Алайда мәселе шешілмеген көрінеді. Сол үшін де облыс әкімі Даниал Ахметовке мән-жайды түсіндірмек болған.