Ауа райы • 07 Маусым, 2023
Апшыны қуырған аптап ыстық: Оның салдары қуаңшылық әкелмесе игі
Жайдары жаз маусымы басталысымен баршаны, оның ішінде ел экономикасының қомақты бөлігін құрайтын ауыл шаруашылығы мамандарын, мал сүмесіне, жер танабына сіңірген егіс өнімдерінің қайтарымына қараған бейнеткеш қауымды қатты алаңдататын бір мәселе бар, ол – қуаңшылық, құрғақшылық. Биыл мамыр айы жаңбырсыз болды. Маусым қатты ыстықпен басталды. «Қыстағы қар – жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс». Қыс айларында қар аз жауды, жерге соншалықты ылғал сіңген жоқ. Сол себепті дала төсі дәл бүгінде жауын-шашынға зәру-ақ.
Елорда • 07 Маусым, 2023
Халықаралық Әуежайлар кеңесі (ACI World) өткен жылы «Әлемдегі ең қарбалас 10 әуежайды» анықтады. 75,7 млн жолаушы күтіп алған АҚШ-тың «Атланта Хартсфилд-Джексон» әуежайы жолаушы санымен 2021 жылы иеленген ең қарбалас әуежайы атағын қорғап қалды. Сондай-ақ Ыстанбұл әуежайы халықаралық жолаушылар қатынасы саласында 26,5 млн жолаушымен әлемдегі ең қарбалас екінші әуежай атанып отыр.
Пікір • 07 Маусым, 2023
«Атың шықпаса, «хайп» жаса»...
Ойпырмай дейсіз! Осы наурызда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткені белгілі. Оған ел тұрғындары да белсене атсалысты. Сайлау учаскелері таңнан кешке дейін жұмыс істеді. Әсіресе үйдің төріндегі «көк жәшік» те сол маңызды оқиғаны аузы талмай жеткізіп тұрды. Дауыс бергендердің арасында кім жоқ дейсіз...
Қазақстан • 07 Маусым, 2023
«Saumal» бренді Дубайға экспортталады
Қарағанды аймағында бұған дейін Қытайға бие сүтін ұнтақ күйінде экспорттаушы «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС енді экспорт аясын кеңейтеді. Бұйыртса, компанияның «Saumal» бренді Дубайға жол тартады. «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиадидің айтуынша, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ғылым • 07 Маусым, 2023
Ми импланты сал ауруына шалдыққан адамның физикалық қозғалысын реттейтін ми жүйесін басқару арқылы жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Ғылымның бұл жетістігі туралы «Nature» журналында жаңа зерттеу жарияланды. Ғалымдар құрылғы арқылы жүргізілген экспериментте жақсы нәтижеге қол жеткізген.