Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Қар суынан көл жасасақ қайтеді?
2004 жылы Астанаға Қазақстан тыңының 50 жылдығын тойлауға жан-жақтан қонақтар келген еді. Солардың арасында жазушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Федор Трофимович Моргун да болды. Ол жас кезінде Украинадан келген тыңгерлер қатарында Көкшетау облысындағы «Толбухин» кеңшарының іргетасын қалап, соның алғашқы директоры болады. Мұнан кейін Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Тың өлкелік ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Украинадағы Полтава облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарады. Ең соңында КСРО Табиғат қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Социалистік Еңбек Ері. Көптеген кітаптар жазып, жазушы да атанады. Былайша айтқанда, көп дүниені бастан кешірген мол тәжірибе иесі және жан-жақты білікті адам.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Әлеуметтану ғылымында қоғам дамуының тарихын Аграрлық, Индустриялық және Ақпараттық деп үшке бөліп қарастыру дәстүрі бар.
Рухани жаңаруды бұрын Қазақстан қоғамында болмаған құбылыс, мүлдем жаңа тренд деп есептесек, қателесеміз. Рухани жаңғыруға ұмтылу қазақ этносына тән болған.
Қазақтың билер соты – ұлттық құндылық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде қазақстандықтардың біртұтас ұлттық идеяға топтасып, береке-бірлігі жарасым тапқан, ырыс-ынтымағы ұйыған, ризығы тасыған тұғырлы мемлекет болуы мәңгілік елдің кепілі екені атап көрсетілді. Осы еңбегі арқылы Мемлекет басшысы бүкіл қазақстандықтарды біртұтас елдік мақсатқа үндеді.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Орталық коммуникациялар қызметінде Р.Әлімовтің «Шанхай ынтымақтастық ұйымы: қалыптасуы, дамуы, келешегі» атты кітабының ресми таныстырылымы өтті.