Саясат • 04 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Моңғолия консулдық консультациялардың 9-шы отырысы өтті
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі консультациялардың 9-шы отырысы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайлау • 04 Маусым, 2019
Қарағанды облысында сайлау күні 787 учаске жұмыс істейді
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні, яғни 9 маусымда Қарағанды облысы бойынша 787 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Бүгінгі күнде олардың бәрі де жауапты саяси науқанға толықтай дайын. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мәлім етті.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысында жаз басталғалы 107 өрт тіркелген
Биылғы жаз маусымы басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 5,6 га болатын 2 орман өрті және қураған шөп пен ағаштардың 107 жануы тіркелген. Бұл жөнінде жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков хабарлады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Петропавл саяжайлары жол мен жарыққа мұқтаж
Облыс орталығы маңайында орналасқан 136 саяжай серіктестігі 2847 гектар аумақты алып жатыр.
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Сенатор Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ өкілімен кездесті
3 маусым күні Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныйды қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.