Отбасы • 07 Маусым, 2023
Әрбір отбасы қолдаусыз қалмайды
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру ұдайы назардан түспейді. Бұл бағыттағы жұмыстардың жай-жапсары жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарланды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Өңірдегі кейбір ауылдардың жағдайы қараусыз қалған қараша жұртты көз алдыңа елестетеді. Бірі ауыз судан тарықса, енді бірі азапқа салған автожолдың жайын айтып, жанайқайын жеткізіп жатады. Азаттық алғалы азаптан құтылмаған Қонаев және Әбілқайыр ауылдарының тұрғындары Тараз қаласы мен аудан орталығы Құланға қатынайтын жолдың жыры Манастың «ырындай» созылып кеткеніне наразы.
Мәселе • 07 Маусым, 2023
Ертіс бойын ен жайлаған елді мекендердің жұрты алаңдап отыр. Биыл көктемде еліміздің шығысындағы каскадты су қоймаларынан босатылған тіршілік нәрі өзен жайылмаларының небәрі 30 пайызын ғана қамтығаны жайында жазған едік. Соның салдарынан шабындықтардың үштен екісі күйіп кеткелі тұр. Мал азығын жеткілікті жинамаса, шаруалар күзде түліктерін етке өткіземіз деп отыр.
Жоба • 07 Маусым, 2023
«Astana Hub» технопаркі ел Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2 мың әйелді оқытады.
Экология • 07 Маусым, 2023
Экомәдениетті қалай қалыптастырамыз?
Әйгілі эколог, альпинист, норвег философ-ғалымы Арне Несс 1973 жылы «экософия» немесе «Deep ecology» атты ғылым саласына түрен салды. Мақсаты – экологияны қорғау мәдениеті. Бірақ бұл бізге аса таңсық нәрсе емес. Өйткені қазақ халқының дүниетанымы табиғатпен біте қайнасқан. Алайда халқымыз көптеген қоғамдық трансформациялардан кейін қоршаған ортаны қорғау туралы ілкідегі болмысынан біршама ажырап қалғаны рас. Оны қайта жаңғыртуға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі атсалысқан екен.