Медицина • 06 Маусым, 2023
Таяуда Астанада алғаш рет Ортаазиялық эндоскопиялық форум өтті. Іс-шараға эндоскопия дәрігерлері, гастроэнтеролог, хирург, онкологтер, эндоскопия медбикелері қатысты.
Елорда • 06 Маусым, 2023
Елорда – елдігіміздің айнасы. Астанамыз гүлденсе, ол еліміздің де сындарлы дамуына серпін бермек. Ал қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпей, жан-жақты дамыған, төрт құбыласы тең мегаполис қалыптастыру мүмкін емес. Осыған орай өткен жұма күні Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен және елорда активімен кездесуінде бас қаланың қоғамдық қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелері кеңінен талқыға салынды. Айта кетейік, бұл – полиция мен әкімдіктің осындай форматтағы алғашқы кездесуі.
Жұмыс • 06 Маусым, 2023
Шетелдегі жұмыс: Артықшылығы мен кемшілігі
Бүгінде шетелде жұмыс істеуді армандап қана қоймай, оны алдына мақсат етіп қойған жастардың қатары көбейді. Бірі өзге елдің жақсы жалақысына қызықса, енді бірі тәжірибе жинақтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына үлес қоссам деп талпынады. Аяна Бекешова саяхаттау арқылы тіл үйреніп, өзін дамыту мақсатында былтыр Ұлыбританияға уақытша қоныс аударған. Бойжеткен алғашында сол елдегі фермалардың бірінде жұмыс істеген. Кейін қонақ үйге жұмысқа орналасыпты. Балқаш қаласында туып-өскен Аяна өзге елде еңбек етуді 19 жасынан армандапты.
Аймақтар • 06 Маусым, 2023
Агроиндустрияда әлеуеті зор мегаполис
Елімізде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба қабылданған еді. Бүгінгі таңда осы құжат аясында ауыл шаруашылығы саласын өркендету бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылып келеді. Жалпы, аталған жобаның негізгі көздеген мақсаты – еңбек өнімділігін екі жарым есе арттыру, АӨК өнімінің экспортын екі жарым есе ұлғайту және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру болып табылады.
Сауда • 06 Маусым, 2023
Қытаймен саудасы қызған Жетісу
Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялық облыстары арасындағы достық және сауда-экономикалық қарым-қатынас жандана түспек. Осы жөнінде екі тарап өзара келісімге келді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастаған делегация жұмыс сапарымен ҚХР-ға барып, осындай игілікті бастамаға қол жеткізді.