Ұлттық спорт • 06 Маусым, 2023
Мемлекеттік рәміздер күніне орай елорда маңындағы «Қазанат» атшабарында республикалық деңгейде аламан бәйге жарысы ұйымдастырылды.
Спорт • 06 Маусым, 2023
Бішкекте өткен Қожомқұл Қабауұлы мен Ратбек Санатбаевты еске алуға арналған рейтингтік турнирді еліміздің грек-рим күресі шеберлері бес (1 алтын+1 күміс+3 қола) және әйелдер күресінің өкілдері үш (2+1+0) жүлдемен қорытындылағаны жайында бұған дейін хабарлағанбыз.
Мәдениет • 05 Маусым, 2023
Каирдегі Байбарыс сұлтан мешіті қайта жаңғырып, даңқты билеушінің 800 жылдығына орай салтанатты түрде қайта ашылғанынан көпшілік хабардар. Шындығында, бұл елдігімізді айғақтайтын айтулы іс-шара болды. Алайда көпшілік Каирдегі Байбарыс мешітінің қалай салынғанын, неге салынғанын біле бермеуі мүмкін. Сондықтан тарихтан тамыр тартып, осынау танымдық тақырыпқа тағы бір оралғанды жөн көрдік. Байбарыс (Осы атау түпнұсқасына жақын) сұлтандық құрып дүркіреп тұрғанда 1265 жылы өз атынан Каирде мешiт соғуға ниеттенеді. Ол Ақтай мен Фахруддин деген бектерге мешіт салуға лайықты орын табуға жарлық бередi. Бектер инженерлермен бірлесіп, түйе қоралары орналасқан жердi таңдайды. Байбарыс оларға: «Түйе тұрған жерге мешiт салмаймын», деп мешiт салатын жердi өзi іздейді. Ақырында сұлтан мешітті Қарақұш майданына салуға, бiр бөлiгiн оны ұстап тұруға қажеттi табыс көзi болатын уақыпқа беруге және мешiт құрылысына қажеттi гранит, ағаш, тағы басқа заттарды әкелуге бұйрық бередi.
Футбол • 05 Маусым, 2023
Үздіктер ұпайдан шашау шығарған жоқ
Футболдан Еуропа мемлекеттерінің ішкі біріншіліктері аяқталған тұста Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) ойындары бел ортасына таяды. Өткен сенбі-жексенбі күндері командалар ел чемпионатының 12-тур ойындарын өткізді. Турнир кестесінің көш басында келе жатқан «Астана», «Ордабасы», «Ақтөбе» сынды клубтар бұл турда да маңызды үш ұпайларына қол жеткізсе, «Қызылжар» қатарынан үшінші ойында жеңіліп, турнир кестесінде төртінші орынға түсіп қалды.
Спорт • 05 Маусым, 2023
АҚШ-тың Арканзас штатының орталығы – Литл-Рок қаласында теннистен «Челленджер» санатындағы турнир аяқталды.