Қазақстан • 01 Маусым, 2018
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды
Ақтөбе тау түгілі, төбесі жоқ дерліктей қазақтың кең жазық даласында орналасқан өңірлердің бірі. Мұндағы биік шоқының бірі Ақтөбе қаласының іргесінде. Оны жергілікті тұрғындар «Түйетөбе» деп атап кетіпті. Отызыншы жылдардағы зұлматтың жаңғырығы дәл осы тұстан елес беріп тұрғандай. Қолдан жасалған қиянат кезінде Ақтөбе өңірінде 8000-дай адам саяси қуғын-сүргінге тап болып, олардың 2000-нан астамы ату жазасына кесілген екен. Олардың мүрдесі осы Түйетөбе сайында жатыр.
Қазақстан • 01 Маусым, 2018
Төрт айда 71 000-нан астам адам жұмыспен қамтылды
Елімізде қабылданған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы нарықта сұранысқа ие мамандықтарды алудың тиімді жүйесін, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған. Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде азаматтардың жеке ісін бастауына мүмкіндік жасаудың маңыздылығына баса назар аударды.
Медицина • 01 Маусым, 2018
Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық
Қазақ «Балалық шағы – патша тағы», «Ашамай нардан үлкен болса, бала ханнан үлкен» деп бекер айтпаса керек. Өйткені «бала деген базарымыз, қай баладан ашылар ажарымыз» деген халықтың отбасылық институтында үй иесі – ұл туса Күнге, төр иесі – қыз туса Айға балайтыны белгілі.
Медицина • 01 Маусым, 2018
«Сиынар ем Ана деген тәңірге...»
Әр нөмірін сағына күтіп, құмарлана оқитын «Егемен Қазақстан» газетінің 15 наурыз күні шыққан №51 санында жарық көрген Ұларбек Нұрғалымның «Ана жүрегінің қуаты» атты мақаласы мені терең ойға қалдырды. Шынында да Ана жүрегінің сәбиіне деген маxаббаты әлімсақтан бері келе жатқан, Жаратушының бұйрығымен санамызға жазылған, қанша жырласақ та тозбайтын ерекше құбылыс.
Аймақтар • 01 Маусым, 2018
Ақтерек ауылының тұрғындары қаламгерлер қауымымен араға елу жыл салып қауышты
Қордай асуына таман Алатаудың етегін жайлаған Ақтерек ауылына ақын-жазушының әдейілеп ат басын бұрмағанына жарты ғасырдай уақыт өтіпті. Ақиқаты солай. Әдейілеп деуіміздің сыры, бір заманда Алматыдан шығып асудағы жыр дүлдүлі Кенен Әзірбаевқа сәлем беруге аттанған қазақ қаламгерлерінің көші жолай Ақтерекке – халық ақыны, айтыскер, жыршы Естәулет Қандековтің шаңырағына соқпай, батасын алмай өтпейтін болған дейді.