Білім • 05 Маусым, 2023
Түсімен ерекшеленіп, алыстан менмұндалап тұратын сары автобустарды кезінде америкалық кинофильмдерден ғана көретін едік. Америка Құрама Штаттарының үлгісіндегі мұндай ерекше көліктер бүгінде елімізде құрастырылып, шалғай ауылдарға үлестіріліп жатқаны қуантады. Жуықта Ертіс-Баян өңіріндегі ауылдық 16 білім ұясына заманға сай жабдықталған жаңа қоғамдық көліктер тарту етілді.
Медицина • 05 Маусым, 2023
Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы – Орталық клиникалық ауруханасының (ОКА) жетекші нейрохирургі Марат Саршаев Атырауда алғашқы экстраинтракраниалды микротамырлық анастомоз немесе ми артериясын шунттау операциясын жасап, жергілікті мамандарға шеберлік дәрісін өткізді. Мұндай операция жыл басынан бері еліміздің барлық өңірінде жасалып жатыр.
Форум • 05 Маусым, 2023
Әлем халқын әбігерге түсірген COVID-19 пандемиясы көпшілікке сабақ болды. Олай дейтініміз, қысылтаяң шақта денсаулық сақтау саласынан бастап, өзге де жетекші салалардың тұрақтылығы, бәсекеге қабілеті сыналды. «QazBioPharm» Ұлттық холдингінің бастамасымен Астанада өткен «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумында пандемия кезінде жұмыла әрекет еткен ғалымдар, мемлекеттік органның және бизнес сектордың өкілдері, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.
Қылмыс • 05 Маусым, 2023
Криминалистика: Цифрлық зертхана ізденісі
Заманауи инновациялық технологияның дамуы полиция үшін де қылмыстарды ашудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасының шеңберінде жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметіне ішкі істер органдарында алғаш рет компьютерлік-техникалық зерттеулер мен жеке басты биометриялық сәйкестендірудің заманауи жүйесін енгізіп жатыр.
Экономика • 05 Маусым, 2023
Халықаралық ұйымдардың оң бағасы
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы және БҰҰ Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын оң атап өтті.