Қазақстан • 05 Маусым, 2023
Қазақстан – Еуропалық одақ: Ірі сауда серіктестігі
Әлемде геосаяси жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қазақстан Еуропалық одақпен өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі.
Пайдалы қазбалар • 05 Маусым, 2023
Табысы мол кеніш «Росатомға» неге сатылды?
Жақында еліміздегі аса ірі уран кеніші саналатын «Буденовское» ресейлік «Росатом» компаниясына сатылғаны мәлім болды. «Росатомның» Батыс санкциясына ілігуі мүмкін екені туралы алыпқашпа сөз де болғаны белгілі. Ал «Буденовское» дегеніңіз – еліміздегі аса ірі уран кен орны. Кеніштің жұмысы ресми жолға қойылғаннан кейін оның өндірістік қуаты әлем бойынша екінші орынға бір-ақ шықпақ.
Экология • 05 Маусым, 2023
Қоршаған ортаны қорғау: Ең өзекті екі проблема
Жанды, жансыз жаратылыс атаулының өмір сүретін мекені – табиғат ананы аялау – ғаламдық міндет. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күн – 1972 жылы маусымда қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Оны қазір әлемнің көптеген елі атап өтеді.
Сұхбат • 05 Маусым, 2023
Айгерім Есенғалиқызы: Әкем «Гамлетті» ағылшын тілінен тікелей тәржімеледі
Шүкір, халқымыз ақынға кенде емес. Сонау арғы ғасырлардағы жыраулар заманынан бастау алатын бұл саф өнердің жолында еңбек етіп, ел есінде есімі қалғандар баршылық. Жұртшылыққа жыры ұнаған ақындарда арман болушы ма еді? Солардың бірі де, бірегейі – Есенғали Раушанов. Қазақтың «дегдар» деген сөзін осы кісіге қияр едік, себебі сөзі де, өзі де дегдар бола алды. Ақынның қызы Айгерім Есенғалиқызы бұл сұхбатында әке болмысы, шығармашылығы туралы айтып берді.
Ғылым • 05 Маусым, 2023
Біздің буынның еңбекке араласуы тәуелсіздікпен тұспа-тұс келді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында еңбек жолын бастағандықтан, осы жылдар аралығында ғылым саласындағы түрлі оқиғаға куә болдық. Ел экономикасының күрт құлдырауы ғылымда жүргендердің қалтасын қағып, жан бағу оңай шаруа болмай қалды. Әди Шәріпов, Мұхаметжан Қаратаев, Мүсілім Базарбаев, Зәки Ахметов, Серік Қирабаев, Жұмағали Ысмағұлов, Әбділхамит Нарымбетов, Шериаздан Елеукенов, Қабиболла Сыздықов, Бақытжан Майтанов тәрізді әдебиеттану ғылымының майталмандарымен бірге түрлі қиындықты жеңдік. Бұл жылдары институтты С.Қирабаев, Ш.Ыбыраев, С.Қасқабасов, У.Қалижанов, К.Матыжановтар басқарды. Бүгінгі әңгімеміз филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі Уәлихан Қалижанұлы төңірегінде болмақ.