Спорт • 05 Маусым, 2024
Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогінің кезеңдік сайысында ұлттың құрама командамыз мол олжаға кенелді.
Футбол • 05 Маусым, 2024
Адиевтің орнына Черчесов келді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетіп, оның орнына Станислав Черчесов келді. Сөйтіп, Ресейдің бір маманын екіншісі алмастырды. Отандық футбол федерациясының (ҚФФ) бұл шешімі дұрыс па, әлде бұрыс па оны уақыт көрсетеді.
Жәдігер • 05 Маусым, 2024
Таңғажайып тас мүсін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 1986 жылы тапсырылған. Музей мамандары мұны Тобыл ойшылы немесе антропоморфты тас мүсін деп атайды.
Сенат • 05 Маусым, 2024
Сенатта астық саласын дамыту мәселелері талқыланды
Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары еліміздегі астық саласын дамыту мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Театр • 05 Маусым, 2024
Астана қаласының музыкалық жас көрермен театры «Астанадан Семейге сәлем» атты өнер сапарымен 31 мамыр және 3 маусым аралығында Абай мен Мұхтар еліне аяқ басты. Төрт жылдан бері елорда мәдениетіне ерекше серпін әкелген театр гастрольдік сапары аясында облыс жұртшылығына М.Әуезовтің шығармасы негізіндегі «Абай-Тоғжан», Д.Исабековтің «Гауһартас» және А.Володиннің «Қоштасқым келмейді...» музыкалық драмаларын ұсынды.