Ұлттық танымның өзегі – тарихи сана
Жеке адам өзінің өткені мен өмір сүріп отырған қоғамындағы орын алған оқиғаларды дұрыс пайымдап, оң баға беру үшін оның жастайынан қалыптасқан озық тарихи санасы болуы қажет. Ғалым-оқымыстылар «тарихи сана» дегенді – әрбір жеке адам, тұтас ұрпақтың тарихын сезінуі, өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп-тамырларын, өткен өмір жолын танып-білуі, сол арқылы патриоттық сана-сезімінің оянуы деп түсіндіреді.
Темекіні тастау – жаңа өмір бастау
Бала кезде өрісте жылқы тезегін газетке орап әуестенетін, бозбалалық бұлаң күндерде көше тәрбиесімен езуге қыстыратын, сыбай-салтаң студенттік немесе сарт-сұрт әскери өмірде жора-жолдастармен жұп жазбаудың шегінде шегетін шылым кейін келе көңілдің кіл тұнығын торлап, өз әмірін жүргізетін жетекшіл күшке айналып шыға келгенін көпшілігі білмей қалатыны рас. Әу баста таңсық болған темекі бірте-бірте тәніңіздің тамыршысындай қалаулы, санаңыздың сақшысындай санаулы серігіңізге – күнделікті дағдыңызға айналады. Содан соң «серігіңізді» орта жолда қалдырып көріңіз...
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Заманауи терминал іске қосылды
Кеше Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы ашылды. VIP және қарапайым жолаушыларға арналған екі аймақтан тұратын терминалдың төрт кіреберісі бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушыларға арналған негізгі ғимаратты аралап, әуежайдың қызмет көрсету жүйесіне енгізілген жаңалықтармен танысты. Елбасы «Эйр Астана» акционерлік қоғамының президенті Питер Фостермен әңгімелесіп, компанияның қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, өз елімізде және шет елдерге ұшу бағдарларын көбейту жоспарлары туралы сұрады.
Президент • 01 Маусым, 2017
Елбасы «Нұрлы жол» вокзалын ашты
Аумағы 126 мың шаршы метр болатын жаңа вокзал алты қабатты. Тәулігіне 35 мың жолаушы өткізе алатын вокзалдан бүгіннен бастап қалааралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Бар игілігіміз – балаларға! Өйткені, бала – жүректің миуасы, көңілдің гүлі, көздің нұры. Бала – адамның бауыр еті, әкенің білек еті, ананың жүрек еті. Яки, ер болып артта қалған із, бақыт болып ұзатылған қыз.