Қазақстан • 01 Маусым, 2017

Заманауи терминал іске қосылды

140 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Астана ха­лық­ара­лық әуежайының жаңа терминалы ашылды. VIP және қарапайым жо­лаушыларға арнал­ған екі аймақтан тұра­тын терминалдың төрт кіреберісі бар. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушы­ларға арналған негізгі ғи­маратты аралап, әуе­жайдың қызмет көрсету жүйесіне енгізілген жаңа­лық­тармен танысты. Елбасы «Эйр Астана» акционерлік қоғамының президенті Питер Фос­тер­мен әңгімелесіп, ком­панияның қазіргі жағ­дайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, өз елімізде және шет елдерге ұшу бағ­дарларын көбейту жос­­парлары туралы сұ­рады.

Пайдалануға берілген нысан төрт деңгейден тұрады. Оның үшеуі ха­лық­аралық рейстерге арнал­са, төртіншісі халықаралық және ішкі рейстер жолаушыларының айма­ғына бөлінген. Онда жолаушыларды тіркейтін 26 бірдей орын және төл­құжат тексеретін 42 кабина орна­тылған. Әдетте жолаушылар ұзын-сонар кезекке тұрып, сол жерден отыр­ғызу талондарын алып, жүктерін тап­сырып жатады. 
Оған қоса, тіркеуден өту үшін  кем дегенде бір сағат бұрын келу керек-тін. Енді жаңа ғимаратта орналасқан автоматты терминалдар арқылы отырғызу талондарын қолма-қол алуға болады. Ол қызмет түрі жүктері аз жолаушылар үшін аса тиімді. Төлқұжат пен билет нөмірін енгізгеннен кейін тіркеудің кезегіне тұрмай-ақ, әрі қарай өте береді. Бұрын қызметтің бұл түрін тек «Эйр Астананың» жолаушылары ғана қолданатын. Бұдан былай кез келген әуе компаниясының клиенттері пайдалана алады. 
Шара барысында білге­ні­міздей, жаңа жүйенің арқасында қол жүк­тер­дің 1200 данасын бір сағаттың ішінде өткізуге болады. Жүктерді өткізу жүйесінің басты ерекшелігі сол, қандай да бір қауіпті жүктер бол­са, ол автоматты түрде басқа жолақ­қа ауысады да, қауіпсіз аймаққа шыға­рылады. Заман талабына сай озық теx­нологиялармен жабдықталған жаңа терминал көп жүктері жоқ жолау­шыларға, тіпті тиімді. Олар отыр­ғызу талонын алмай-ақ, ұялы теле­фон­ның көмегімен төлқұжатты тексеру аймағына өте алады. Осы­лай­ша, тір­кеуге кететін уақыт­ты бір­шама үнем­деу­леріне мүм­кіндік бар. 
Мамандар жаңа теxно­ло­гияның тағы бір түрі – штриx-код арқылы тіркеуден өту қыз­меті екенін айтады. Бұған талон алудың қажеті жоқ екен. Асы­ғып тұрған жолаушы интернет арқылы билет сатып алып, тір­кеуден өтсе болғаны, әуе компа­ниясы оған отырғызу талонын жі­береді. Талонда штриx-код бар. Міне, сол белгімен жолаушы еш кедергісіз бақылаудың келе­сі кезеңіне өте алады.  
Екінші қабатта толығымен дәм­xа­налар мен мейрамxаналар орын тебеді. VIP-аймақта дәрет­xа­налармен бірге, душ та бар. Тер­миналдың жалпы ауданы 47 мың шаршы метрді құрай­ды. Екін­ші нысанмен ұлғайған Ас­та­на әуежайының жаңасы «Т1» деп бел­гіленсе, ескі ғимарат «Т2» деп аталмақ. 
Айта кетерлігі, әуежайдың жаңа терминалы рейстерге қыз­мет көрсету жұмысын бес-алты күннен кейін бастайды. Ес­кі ғимараттан ішкі рейс­тер ұшырылса, жаңа терминал xа­­лық­аралық рейстерге қызмет көр­сет­пек. Жаңа нысан жы­лына 5 млн жо­лаушыны қабыл­даса, ескі ғима­ратпен бірге бұл көрсеткішті 8,2 млн жолаушыға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 көр­месі аясында Астана әуежайы ар­қылы өтетін ішкі және сыртқы рейс­тердің саны артады.

Асхат Райқұл,
«Егемен Қазақстан»