Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Шығыстағы өзекті мәселенің бірі – жол. Облыс орталығынан қай бағытқа шықсаңыз да, жолдары ойдым-ойдым. Болмаса, шодырайған жамау. Әсіресе жолаушылар Тарбағатай мен Риддер, Шемонаиха, Семей бағыттарындағы жолдардың сапасына наразы. 2024 жыл Шығыс Қазақстанда «Жол жылы» деп жарияланып, көпшілікке үміт сыйлағандай болды.
Тұлға • 05 Маусым, 2024
Қазақ режиссурасының қарлығашы
Биыл – қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы театр режиссері, елімізде театр өнерінің негізін қалаған тұлғаның бірі, Қазақстанның халық әртісі Ғайни Хайруллинаның туғанына 110 жыл.
Өндіріс • 05 Маусым, 2024
«Беларус» кабинасы Қостанайда шығады
2018 жылдан бері Қостанайда «Беларус» тракторларын құрастырып жатқан «МТЗ-Қазақстан» зауыты осы техникаға кабина жасап шығаратын өз өндірісін іске қосты. Бұл – әу баста қолға алынған ауқымды инвестициялық жобаның екінші кезеңі. Өндірісте қазір 150 адам еңбек етіп жатыр.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Жуырда Семей қаласында Абай университетінің ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы базасында «Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Ел Президенті Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» бағдарламалық мақалаларында ғұлама ойшыл, ұлт руханиятының алтын діңгегі, темірқазығы атанған қазақтың бас ақыны Абай шығармашылығын жұртшылыққа насихаттау, Абай ілімі арқылы жастарға тәрбие беру, оның «Толық адам» туралы ілімін насихаттау жұмыстарына басты назар аударғаны белгілі. Сондықтан Абайдың мұраларын ұлықтауда, ең алдымен, ұлы ақынның атымен аталатын мәдениет пен өнер, білім ошақтарына жүктелетін жауапкершілік аса жоғары.
Саясат • 05 Маусым, 2024
Ынтымақтастықтың өзекті мәселелері
Премьер-министр Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен Несвиж қаласында (Беларусь) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.