Медицина • 30 Маусым, 2022
МӘМС жүйесі толайым бір ізге түскенше, оның айналасындағы түйткілді мәселелер толастамақ емес. Дегенмен бұл Алматы қаласының денсаулық сақтау бюджетін едәуір ұлғайтып отыр. Жыл басынан бері мегаполистегі МӘМС жүйесіне 398 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Аймақтар • 30 Маусым, 2022
Абыз басылымның ғасырлық мерейтойы
Қостанайлықтар өңір баспасөзінің қарашаңырағы – Qostanaı tańy газетінің ғасырлық мерейтойын атап өтті. І.Омаров атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиынға облыс басшылары, өңір зиялылары, журналистер қауымы, сондай-ақ айтулы мерейтойға алыстан арнайы келген филология ғылымдарының докторы, Журналистика академиясының академигі Серікқали Байменше, белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Қайсар Әлім қатысты.
Аймақтар • 30 Маусым, 2022
Тай-Өлеңті ауылының 60 жылдық тойы дүркіреп өтті. Мерейлі мерекенің қызығы мәдени-спорттық шараларды ұйымдастырып, аста төк ас берумен өлшенбесе керек. Мұны қаперіне алған ауыл жұртшылығы, өзге өңірде жүрсе де туған жерінің туын биік ұстаған азаматтар «60 жылдыққа – 60 игі іс» акциясын жүзеге асырды. Ауылдың өміріне қан жүгіріп, әп-сәтте құлпырып шыға келді!
Өнер • 30 Маусым, 2022
«Күй ойнайды қазағымның қанында»
Қазақтың үлкен ақыны Қадыр Мырзалиев «Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» десе, дауылпаз жыршы Ілияс Жансүгіров: «Домбыра, сенде мін бар ма?, Мінсіз болсаң — тіл бар ма?, Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда?, Домбыраның, күші мол, Көмейінде күй барда!» деген екен.
Өнер • 30 Маусым, 2022
Ұлттық музейде Ұлттық домбыра күніне орай Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясы негізінде жасақталған «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты жылжымалы көрме ашылды. Шараның мақсаты – мәдени орталық Алматы қаласында орналасқан Мемлекеттік орталық музей қорында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен елордалықтарды таныстыру екен.