Өндіріс • 27 Маусым, 2024
Крафт-орауыш шығаратын кәсіпорын
Қазақ зағиптар қоғамының «Ақтөбе оқу-өндірістік комбинаты» ЖШС қоршаған ортаны ластамайтын қағаз орауыштар шығарумен 2019 жылдан бері айналысады. Бес жылдан бері сапалы да сәнді крафт-орауыш шығаруды жолға қойған серіктестік мамандары өнім түрлерін көбейтіп, сатылым арналарын кеңейтті.
Парламент • 27 Маусым, 2024
«Парламент сөзі» сыйлығы табысталды
Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдардың жеңімпаздары марапатталды. Биыл жеті номинация бойынша 17 адам үздік деп танылып, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың қолынан сыйлық алды.
Қоғам • 27 Маусым, 2024
«Парасат» байқауының жеңімпаздары
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Парламент Сенатында журналистер арасындағы «Парасат» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев әр аталым бойынша үздік шыққан жеңімпаздарды құттықтап, жүлделерін салтанатты түрде табыстады.
Қоғам • 27 Маусым, 2024
Шартараптағы қазақ баласы бас қосты
Қандастарға арналған «Jas Qazaq» жазғы этнолагері басталды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған этностық қазақ балалары екі аптада тарих пен салт-дәстүрді зерделеп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнап, ана тілін жетілдіреді. Одан қалды атқа мініп, киіз үй құрып, еліміздегі жоғары оқу орындарының білім көрмесіне қатысады.
Пікір • 27 Маусым, 2024
Сот залы. Кәмелет жастан енді асқан екі жігіт есірткіні сақтағаны, мұнысы аздай таратқаны үшін соңғы үкімін тыңдағалы тұр. Екеуінің де анасы ботадай боздап отыр. Бұл – алқаби болған танысымыздың әңгімесі. Оның сөзінен соң басымызға бір сұрақ келді. Жауабын алқабиден естігенде бәрінің басында ненің тұрғанын түсінгендей болдық.