Қазақстан • 07 Маусым, 2022
Әр қазақстандық мемлекетшіл болуға тиіс
Жаңа Қазақстан құру бағытында ұдайы ізденіс керек. Тек жекеменшікке құрылған, соны ғана қорғаған қоғамда әділеттілік болмайды. Бүгінде еліміздегі монополияны қайта қарау – осының дәлелі. Бұдан былай адамдардың не істеп жүргені, әсіресе биліктегілердің көшедегі «Сергек» немесе аквариумдағы балық сияқты барлық жағынан ашық көрініп тұратынын ескеру керек. Сондықтан әркім «ала жіпті аттамай», таза, адал, әділетті қалыпта жүргені дұрыс. Барша жұрт соған бейімделсе ғана әділетті қоғам орнайды.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Аралас неке – аз халықты жұтудың жолы
Қыз баланы шетелге оқыту дұрыс па? Олардың қаншасы ертең өз еліне оралады? Қаншасы өзге елдің азаматтарына тұрмысқа шығып, басқа елдің «диірменін» тартып, «шамын жағады»? Бұл – қыз өсіріп, оны шетелде оқытып жүрген әрбір азаматтың ойында жүрген ауыр сұрақ.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
Отты сөндіруге отты жүрек керек
Тілсіз жауды ауыздықтап, айтып келмес апаттың бетін қайтару үшін бастарын бәйгеге тігіп жүрген қажырлы жандардың қимылын көрген сайын тәнті боласың. Олар өздерінің осы бір іс-әрекеттерін ерлік деп есептемейді. Әйтсе де, кей ретте адам өмірін сақтап қалған жанкешті қимылдары өзгеге өнеге болуға әбден лайықты.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Онлайн кредиттеу опа бермей тұр...
Ақпараттық технологиялар ғасырының адам игілігіне арналған ғаламат жаңашылдықтарын меңгеруде Қазақстан ешбір елден кем қалмауға тырысып-ақ жатыр. Алайда «Аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты» демекші, заң үстемдік құрып, құқықтық тәртіп мықтап орныққан озық мемлекеттер ойдағыдай пайдаланып отырған кейбір ноу-хау біздің елдің даму деңгейінің ерекшелігі ескерілмей енгізілсе, оң нәтиже беруі екіталай екені байқалып отыр. Онлайн кредиттеу – соның айғағы.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Әуелгі басымдық балаларға беріледі
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жыл санап сәтімен жүзеге асып келе жатқаны анық. Әсіресе, балаларды емдеу мәселесінде ілкімді істер атқарылып келеді. Мәселен, 2022 жылдың 1-тоқсанында балаларға аталған жүйе бойынша 2,77 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді. Алайда жүйелі жұмыс, маңызды міндет мұнымен шектеліп қалмайтыны белгілі.