Таным • 08 Маусым, 2020
Әлденеге ашуланғанымызда арагідік ауызымыздан шығып кететін бір мәтел бар. «Сұмырай келсе су құриды» деп қысқа қайырып жатамыз. Осындағы «сұмырайдың» мағынасын әркім әр саққа жүгіртіп жүр. Бірі «сұмырай» емес, дұрысы «суыр айы» болуы керек деп ұйқасқа ерік берсе, енді бірі су кристалының өзгерген құрамынан ғылыми дәлел іздейді. Сонымен ұнатпаған кісімізге сұмырай деп кесіп айтқандағы сұмырайымыз кім болды екен?
Өнер • 08 Маусым, 2020
Бұл ұғымның қазақ өнеріндегі феноменге айналғанына да ғасырға жуықтапты. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіндегі осы бір оқыс оқиға әлем назарын қазақтың қарапайым ұлына бұрғызған. «Қыз Жібек» операсындағы Бекежанның күлкісі содан бері ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетіп, сахнаны серік еткен күллі өнер адамына әлі күнге дейін бағдар болып келеді.
Руханият • 08 Маусым, 2020
Мүгүлсім тезек теруге жиналды. Жиналғаны несі деп жиырыла қалған боларсыз. Оның бұл іске біржола бет алуының астарында аяусыз тағдыр, алмағайып заман, аласапыран зұлмат, бір сөзбен айтқанда ұлық ұлыс қазақтың тұтас трагедиясы жатқанын сол кезде ешкім білген жоқ. Оның сол кезде арқасынан ала қаптың ішінде қаз мойын қызыл домбыра жатқанын да ешкім аңғармады.
Әдебиет • 08 Маусым, 2020
Балалар әдебиеті: бұлыңғыр болашақ...
Қазіргі таңда жас өскіндердің бойына қазақылықты сіңіруге, жанымызға жақын ұлттық болмысымызға исіндіре тәрбиелеуге байланысты сыни пікірлер өте көп. Мұның барлығы айналып келгенде аталған салада үңірейіп көзге көрініп тұрған олқылықтардың кең ауқымын көрсетсе керек.
Қоғам • 08 Маусым, 2020
Әлеуметтік желідегі жұртқа бірнеше күннен бері азық болып тұрған тақырып – Шымкенттегі Жастар ресурстар орталығы шығарған бейнеролик. Талқылауға араласпаған адам кемде-кем десек артық айтпаспыз.