Қазіргі таңда жас өскіндердің бойына қазақылықты сіңіруге, жанымызға жақын ұлттық болмысымызға исіндіре тәрбиелеуге байланысты сыни пікірлер өте көп. Мұның барлығы айналып келгенде аталған салада үңірейіп көзге көрініп тұрған олқылықтардың кең ауқымын көрсетсе керек.

Ұрпақ тәрбиелеу саласындағы кемшін тұстарымызды сөз еткенде, бірінші кезекте мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік тілдің төмен ахуалы, шетелдік телеарналардан тікелей көрсетілетін немесе олардан сатып алынып, отандық арналар арқылы назарға ұсынылатын анимациялық фильмдердің рухани «басқыншылығы» және басқа да түйткілді жағдаяттар сөз болады. Рас, бұл айтылған мәселелер ұрпақтың бойына шама-шарқымызша қазақтың ұлттық тәрбиесін сіңіруге деген ақ ниетті талпынысымызға, ұмтылысымызға кері әсерін тигізіп-ақ жатыр. Мұны қоғам мойындайды. Дегенмен балаларымызды қазақы қоғамның қалауы бойынша тәрбиелеуде қазақтың әдебиетінің әлеуетін пайдаланудың аса маңызды екенін өте сирек сөз ететін секілдіміз.
Қазақтың ауыз әдебиеті мұраларынан бастап жазба әдебиетінің жауһарларын, оның ішінде балалар әдебиетінің мүмкіндіктерін тиімді қолдануда салғырттық, бәлкім жалқаулық танытып жүрміз. Бұл салғырттығымыз бен жалқаулығымыз өзіміздің қолымызда бар дүниелерімізді жас өскіндерге заман талабына сай «ойнатып» ұсынудан гөрі, шетелдік сырты жылтыр, ішкі мазмұны мәнсіз туындысымақтарға көбірек жүгінуімізге, өзіміздің бойкүйездігімізден туындаған «бос кеңістікті» солардың есебінен толтыруға әбден әдеттендіріп жіберді.
Қазір мектеп оқушылары жаппай каникулға шыққан кез. Қалыптасқан жағдайға байланысты ата-аналар мен балалар мектеппен, дәлірегі мұғалімдерімен интернет арқылы байланыс орнатуда. Осындай қарым-қатынас барысында көптеген мектеп мұғалімдерінің өз оқушыларына демалыс кезінде оқуға ұсынған кітаптарының басым бөлігі, тіпті түгелге дерлік шетелдік авторлардың орыс тіліндегі кітаптарын ұсынғанына куә болдық. Бұл өз кезегінде өзіміздің көркем әдеби тілде жазылған туындылардың жетіспейтіндігін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар көптеген мұғалімнің бұған дейін талай буынды тәрбиелеген, қиялын ұштап, биік арман-белеске жетелеген қазақ жазушыларының классикалық еңбектерінен хабарсыз екенін аңғартады. Сондықтан мұғалімдердің кешегі және бүгінгі қазақ әдебиетінен молынан хабардар болуына баса назар аударылғаны жөн, яғни олардың біліктілігін арттыруда осы жағы ұмыт қалмауы тиіс.
Бүгінгі балалар әдебиетінің ахуалы мәз емес екенін білеміз әрі оған түсіністікпен қараймыз. Бірақ жағдай осылай екен деп өзге тілде жазылған шығармаларға ессіз беріліп кетпей, өзіміздің көрнекті жазушыларымыздың еңбектері мен ауыз әдебиетінің озық нұсқаларына иек артуға болмай ма?..
Рас, бізге балалар әдебиетін дамыту керек. Бірақ сол үшін не істеу керек, қандай мәселелерге көңіл бөлген жөн? Аталған сауалға жауап іздеп, өзінің пікірін қоғам талқысына салып жүрген азаматтарымыз баршылық. Солардың бірі – Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп жақында өзінің Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында: «Елімізде жыл сайын әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік тапсырыс бойынша 2018 жылы 1 млрд 845 млн теңгеден астам, 2019 жылы
1 млрд 101 млн теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде балалар әдебиетіне бөлінгені – тиісінше 89 млн 183 мың және 19 млн 420 мың теңге. 2020 жылға 821 млн 615 мың теңге бөлу жоспарланса, соның 46 млн 848 мыңы балалар әдебиетіне арналған. Шығатын кітаптардың ішінде балалар әдебиетінің үлес салмағы өте төмен. Таралымы да, сапалық жағы да көңіл көншітпейді. Кейбір авторлар кітаптарды өз қаражатына шығарады. Баспа ісі, журналдар балаларға арналған материалдарды қызықты етіп жеткізудің жан-жақты жолын қарастыру керек», дейді.
Сенатордың айтуынша, саланы дамытуға арнайы қаржы бөлу, ұлттық мультфильмдер шығару ісінде жекеменшік компанияларды қаржылай қолдау тетіктерін қарастыру, балалар әдебиетін дамытудың кешенді бағдарламасын жасау қажет.
Бүгінгі жас буын ертең Қазақстанның, қазақ ұлтының бет-бейнесін көрсетеді. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық болмысқа исіндіре тәрбиелеудің маңызы зор. Адам білімді кез келген жасында ала алады. Ал ұлттық тәрбиені жастайынан бойына сіңіре алмаған адам сүйегі қатып, буыны бекіп кеткенде оны жанына серік етуге кешігеді.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар