Қоғам • 28 Маусым, 2021
Бүгінгі журналистер мерекесі күнінде мен осы салада еңбек етіп жүрген журналистердің жас буынын төл мерекесімен шын жүректен құттықтағым келеді. Өйткені олардың алдында аса маңызды, жауапты міндеттер тұр. Ол – қоғамның қалғып кетуіне жол бермеу, өздерінің күн сайынғы мазасыз, тынымсыз еңбектерімен еліміздің алға қарай қадам басып, үздіксіз дамуына қызмет ету, қоғамдағы жақсылық атаулыны жарқырата көрсетіп, келеңсіздік атаулымен аянбай күресу, адамдардың жүрегіне үміт отын жағу, жастарымызды жақсы қасиеттерге баулу. Сондықтан біз журналистерді жарқын болашағымыздың жасампаздары деуімізге әбден болады.
Экономика • 28 Маусым, 2021
Биылғы жаз мезгілі жылдағыдан өзгеше болып тұр. Көктемнің көкөзек шағында сәт сайын жауып беретін жұпар жаңбыр да биыл көп жаумады. Есесіне аптап ыстық, құрғақ жел қара жердің апшысын қуырып, тынысын тарылтып жібергендей. Егін егуге, мал шаруашылығымен айналысуға бірден-бір қолайлы өңір саналатын Жамбыл облысында биыл шабындықтың да мәнісі жоқ.
Экономика • 28 Маусым, 2021
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде бензин тапшылығы орын алып отыр. Энергетика министрлігі мәселе жақын күндері шешіледі деп сендірді.
300-ден астам генерал тәрбиелеген оқу орны
2011 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҰҚК Шекара академиясы деген жоғары атақ берілген шекарашылардың альма-матері тағы бір салтанатты рәсімді басынан кешіргелі тұр.
Экономика • 28 Маусым, 2021
Автонесиелеу бағдарламасы аяқтала ма?
Ұлттық банк тағы бір бағдарламадан іргесін аулақ салмақ. Бұл жолы қаржылық реттеуші жеңілдетілген автонесие беруді тоқтататынын мәлімдеді. Бағдарлама 2015 жылы іске қосылған болатын. Жобаны жүзеге асыруға Ұлттық банк 40 млрд теңге бөлген-ді. Әне-міне дегенше әлгі соманың түбі де көрінген екен. Нарықтың ендігі жайы не болмақ? Бұл жағдай көлік бағасына әсер ете ме? Көкейдегі көп сауалға жауап іздеп көрдік.