Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Қарағандының сақшылары су жаңа автокөлік мінді
"Кеншілер астанасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті полиция департаментіне су жаңа 186 автокөліктің кілтін онлайн режимінде табыс етті", деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 26 Маусым, 2020
Украинада 262 елді мекенді су басты
Украинада 262-ден аса елді мекенді су басты. Апат салдарынан 154 шақырым жол мен 172 көпір бұзылды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Қоғам • 26 Маусым, 2020
Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алады?
ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.
Қазақстан • 26 Маусым, 2020
Бүгін еліміздің басым бөлігінде нөсер жауын болады
26 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, - деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2020
Шайбалы хоккейден 2021 жылға арналған жарыс кестесі жарияланды
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының кезектен тыс жиынында алдағы маусымда өткізілетін жарыстар тізбегі мәлім болды деп хабарлайды Olympic.kz.