Пікір • 05 Маусым, 2020
Ынтымақтастық ырысымызды еселейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатымен танысып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың куәсі болып отырмыз.
Әдебиет • 05 Маусым, 2020
Бала кезде Алматыда ақын көп деп еститінбіз. Адамзаттың ең сұлуы солар деп ойлаушы едік. Жүзінен нұры төгіліп, асқақтай басқан ақынды көру бір арман болды. Көне кітабындағы өлеңдерін еліге оқып, өзін өлеңінен артық жақсы көрдік. Ол жыласа, жыладық. Жымиса, жымидық. Сонда біреу: «Осы ақындар неге жылайды? Ақынға не жетпейді?» десе, ақын жанын түсінбейсің деп шырылдаймыз. Қайран, кіршіксіз бала көңіл... Қазір ойласам, ақындарға деген құрметіміз бала шақта ғана пәк һәм шынайы болғандай.
Әдебиет • 05 Маусым, 2020
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» – көп талданған роман. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы психологиялық шығарма дегенде тіл ұшына бірден оралатын да осы «Ақбілек». Бас кейіпкерден бастап жанама кейіпкерлердің де ішкі әлемін жарқырата көрсетуде Аймауытов шеберлігіне бас иесің.
Руханият • 05 Маусым, 2020
Ғаламтор атаулы тірлігімізге енгелі бұрынғыдан қалған «жақсы кітап-жан азығы» деген мәтелдің мәні өзгергендей, қолдан қолға өтіп, тозығы жететін байырғы «Қисса Жүсіптен» бертінгі «Махаббат қызық мол жылдарға» дейінгі басылымдардың баяны кетіп, қонышта көнеретін «Жұлдыз» бен «Жалынның», «Мәдениет және тұрмыс» пен «Қазақстан әйелдерінің» басынан бақ тайғандай көрінетін. Жаңа дәуір жаршыларының тобынан табылып, Мұхтар ақын айтқан «компьютербасты пенделер» қарасын молайтып жүрген осы жолдардың авторы да күні бүгінге дейін үшбу қисын мен пайым-пікірді қолдап, қолпаштап келген-ді.
Абай • 05 Маусым, 2020
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты мерейтойлық мүшәйра өз мәресіне жетті. Бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы ұйымдастырып келе жатқан дәстүрлі жыр бәйгесі биыл Абай рухына арналды.