Спорт • 06 Маусым, 2021
Қазақтың қайсар ұлы, аралас жекпе-жектің хас шебері Шавқат Рахмонов 26 маусымда UFC-дегі өзінің екінші кездесуін өткізеді. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жалауы желбірейтін айтулы жарыста қандасымыз Бразилияның беткеұстар спортшыларының бірі Мишель Празереспен күш сынасады.
Сұхбат • 06 Маусым, 2021
Мемлекет басшысының тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру тапсырмасына орай Қазақстан Республикасы Президенті Архиві ілгеріден жүргізіп келе жатқан іргелі зерттеулерін ірі жобалар төңірегіне жүйелеген еді. Өйткені осы тақырып төңірегіндегі ең маңызды тарихи деректер мен құжаттардың мол қоры нақ осы Архив сөресінде сақтаулы. Ашаршылық тақырыбымен ұзақ жылдардан бері айналысып келе жатқан Архивтің бас сарапшысы Айнаш СЕЙСЕНБАЕВАНЫҢ да бұл тарапта оқырманмен бөлісер жаңалығы жетерлік.
Өнер • 06 Маусым, 2021
Жалпы, халқымыз табиғатынан өнерге жақын. Соның ішінде ән мен күйге келгенде алдына қара салдырған емес. Ұлы Шоқанның досы, тамаша ғалым Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп бекер айтпаса керек. Ертеде дауысы алты қырдан асатын әншілер болғандығын білеміз.
Руханият • 06 Маусым, 2021
Тәуелсіздіктің тағылымды тамашасы
Азаттықтың құсы аспанымызда қалықтағанына 30 жыл. Тәубе, тәй-тәй басқан тәуелсіздік орда бұзар жасқа келіп еркіндіктің самалын еркін құшып жүрміз. Әрбір отандастың жүрегінде бостандық ұраны бұлқынып жатыр. Бұл мемлекетіміздің ұлы өткелдерді еңсеріп, әрбір салада өзінің қолтаңбасын қалдырғанын айғақтайтындай. Оған «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрме тағы бір дәлел.
Хоккей • 06 Маусым, 2021
Латвия астанасы – Ригада өткен шайбалы хоккейден кезекті әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жаһандық доданы сәтті бастаған жерлестеріміз, өкінішке қарай топтық кезеңнің соңғы ойынында Норвегия хоккейшілеріне есе жіберіп, плей-офф кезеңінен қағылды. Сөйтіп жалпы есепте әлем біріншілігін 10-орынмен аяқтады. Бұл – Қазақстан хоккейшілерінің әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі.