Қоғам • 29 Маусым, 2024
«Туған жерге саяхат» пойызы Астанадан жолға шықты
Бүгін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан бір топ бала «Туған елге саяхат» танымдық пойызымен жолға шықты. Жеткіншектер 12 күн бойы Қазақстан өңірлерін аралап, еліміздің тарихи-мәдени мұраларымен танысады. Сапар кезінде жас саяхатшылар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр қалаларын аралайды.
Жоба • 29 Маусым, 2024
Жұмысқа орналасудың жаңа жобасы
Астанада жүзеге асып жатқан «Jol Tap» жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды. Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқамерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады.
Марапат • 29 Маусым, 2024
Астанада «Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Айта кетсек, биыл «Тұмар» бәйгесі сегізінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Инвестиция • 29 Маусым, 2024
Венада өткен форум аясында еліміздің Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды.
Үкімет • 29 Маусым, 2024
Үкімет басшысының Сыр еліне сапары
Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ жоспардағы шыны кластеріне қатысты табақ шыны өндіретін инвестициялық жобаны көріп, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді.