Руханият • 26 Маусым, 2020
Заманында атақты скульптор Микеланджело Буонарроти мен Леонардо да Винчи «Санта Мария дель Фьоре» соборының алдында жатқан үлкен мәрмәр тасқа таласып қалыпты. Жас Микель егде тартып қалған Леоның қарттығын сынап: «Бұл тасты қайтпексіз? Суретшіге ақыл, мүсіншіге бұлшық ет керек деген өзіңіз емес пе едіңіз?» депті. Сонда әлі бойынан күш-қайраты қайтпағандығын дәлелдеу үшін Леонардо қасында тұрған шәкірті Салаидің қолындағы жуан темір арматураны жұлып алып, оны жалаң қолымен майыстырып, доға болып қалған темірді «мықты болсаң қайта түзет» деген ишарамен Микеланджелоның алдына лақтыра салыпты. Сөйтсе, өр көкірек Микеланджело да сөзден жеңілмей: «Сіздің қателіктеріңізді менің түзетіп жүруге уақытым жоқ» деп кетіп қалса керек. Онысы Леонардоның Миландағы «Аттылы Сфорцаны» аяқтамай кетіп қалғандығын айтып тұрған сияқты. Мәселе онда емес, мәселе, сол екі алыпты айқастырған қымбат мәрмәр кейін Микиланджелоға тиесілі шығып, болашақ «Давид мүсіні» болып тарихта қалады.
Коронавирус • 26 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 19 750-ге жетті
Елімізде өткен тәулікте 465 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Руханият • 26 Маусым, 2020
Қызыл арайлы кештің жалқыны немесе әріптес туралы үзік сыр
Бидай өңді, домалақ жүзді жас жігіт бізді жайдары қабылдады. Жұмсақ қара шашына бриолин майын сүйкей жағып, оң жаққа әсемдеп қайырып тарапты. Баданадай аппақ тістерін көрсетіп, қолын бірінші ұсынды.
Руханият • 26 Маусым, 2020
Ерекше балалар алаңын салып берді
«Қазхром» Ұлттық компаниясы АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары жасаған балалар ойын алаңы жобасы ERG-дің Инноваторлар форумында бірінші орынды жеңіп алды. Аталған ойын алаңы Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында орналасқан.
Қоғам • 26 Маусым, 2020
Қорғаныс каскаларын тарту етті
«Казгипронефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалына мыңнан аса қауіпсіздік каскасын тапсырды.