Руханият • 04 Маусым, 2020
Қалаға кеткен қыр баласы ауылды аңсайды
«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы № 49 санында Байқал Байәділдің «Ауылдағы қарашаңырақ қаңырап қалмасын» және № 50 санында жарияланған Кәкімжан Карбозовтың «Келешегі жоқ ауыл болмауы керек» деген мақалаларын оқығаннан кейін ауылда туып, қарапайым жұмыскерден кеңшар директоры, аудан әкімі қызметіне дейін көтеріліп, бүкіл өмірін ауылда өткізген азамат ретінде бірер сөз айтуды жөн көрдім.
Таным • 04 Маусым, 2020
Абай Қасымов шетелдегі қазақтарға қандай саяси әрекет жүргізді?
ХХ ғасыр басында патшалық Ресей империясы құлап, қоғамды идеологиялық тұрғыдан тап пен жікке бөліп басқаратын жаңа бағыт – социалистік жүйе пайда болды. Бұл жүйе ғаламға өз ықпалын күшейту үшін 1919 жылы «Коминтерн» атты ұйым құрды. Келесі жылы аталған ұйымның Шығыс және Қиыр Шығыс халықтарына революциялық жұмыс жүргізетін секциясы ашылады. Шығыс секциясының тапсырмасымен қазақ қайраткері Тұрар Рысқұлов 1924 жылдың қазан айынын бастап, 1925 жылдың шілдесіне дейін Моңғолияда қызмет атқарып, осы елдің жаңа конституциясын жазып беріп оны қабылдатумен қатар, ел астанасының атын Ұлан-батыр деп өзгертті.
Медицина • 04 Маусым, 2020
Маңғыстау дәрігерлері жүрекке дефибриллятор қондыруға машықтануда
Елімізде жүректің ақауын болдырмау, болған жағдайда емдеу әдістерін жетілдіру – күн тәртібінде. Маңғыстау дәрігерлері де осы бағытта ізденістерін үзбей, күрделі оталарды жасауға қатысып, тәжірибе жинақтауда. Сәтті ота екі жақты пайдалы, біріншіден – науқастың денсаулығы түзелсе, екіншіден жергілікті мамандар іс-тәжірибесін жетілдіре түседі.
Тарих • 04 Маусым, 2020
Тарихи жыл баспасөз бетінде: «Егеменді Қазақстан», 1992 жыл
Газеттің өткен нөмірлерін қарап отырып көзімізге 1991 жылы «Егеменді Қазақстан» газетінің 26 қарашада шыққан нөмірі түсті. Бас бетте «Қазақстанның туы қандай болуы керек?» деген тақырыпта газеттің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртаза мен Жарылқап Қалыбайдың ой толғауы жарық көріпті.
Медицина • 04 Маусым, 2020
Медицинаны цифрландыру: түйткілдер әлі де бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында медицина саласындағы түйткілдерге де тоқталды. Әсіресе медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуді енгізу қажеттігін тапсырған Президент денсаулық сақтау саласында цифрландыру процесін жеделдетіп, тиімділігін арттырған жөн екенін, сондай-ақ бұл салаға білікті ІТ-мамандарды тартудың, отандық бағдарлама жасайтындардың әлеуетін медициналық ақпараттық жүйеге жұмылдырудың маңызды екенін де атап өткен еді.