Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Қазақ мемлекеттілігінің басты рәміздерінің бірі – Ту. Бұл қазақ тілінің сөздік қорына мемлекеттілік, азаматтық, жауынгерлік рухпен бірге етене енген ұғымдардың бірі. Ту – мемлекеттің ұлыстық жүйеге өткенінің нақты көрінісі, себебі ту әскери жорықтар кезінде көтеріледі және әскердің құрылымы да тудың түсіне байланысты құралады.
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Шағын Көк Туды қолға ұстап көрсеңіз де, мемлекеттік рәміздерді жасатуға тапсырыс берген жоқ шығарсыз. Ол іспен айналысатындар туралы ойға да алмауыңыз мүмкін. Білесіз бе, бұл шаруамен шағын цехты шаңдатып екінің бірі айналыса алмайды. Арнайы лицензия керек, оған қол жеткізу үшін де қатаң талаптарға сай болу қажет. Содан болар, ел нарығында жауапкершілігі мол іспен айналысуға бел буғандар көп емес.
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Төрткүл дүниеге танымал Көк Ту
Бүгінде көк байрағымыз шартараптың түкпір-түкпіріне орнатылып, бейбіт сүйгіш елдің болмысын айшықтап келеді. Әлем халқы «тоғызыншы территорияны» көк аспандағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыраны арқылы таниды. Осы орайда, Алты Алаштың байрағы алғаш рет қай елдерде көтерілді, қазір қанша мемлекетте көк туымыз желбіреп тұр деген сауалға жауап іздеп көрген едік.
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Мемлекеттіліктің басты нышандары
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басынан бастап, КСРО-ның мәңгілік мызғымастай көрінген құрсауы босап, мұздай сірескен идеологиялық ұстанымдары өзгере бастады. Оның соңы одақ құрамындағы республикалардың бәрі егемендік туралы декларация қабылдауына әкелді. Дәл осы кезде біздің елімізде саяси жылымықтың жылы желі соға бастады.
Қазақстан • 03 Маусым, 2022
Жастар және рәмізтанудың жаңа міндеттері
Мемлекеттің рәміздерін қадірлеу – ел азаматтары үшін айрықша парыз. Әрбір адам Отан құндылықтарын жанымен түсініп, оларды жан-жақты тануға және өзгеге таныстыруға жұмылуға тиіс. Оны жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, тарихын, тілін, дәстүрін, өткен жолын, рухын, сайын даласын, асқар тауын, мөлдір суын қайсарлықпен қорғаған ерлерге деген мақтаныш сезімі оянатыны рас.