Білім • 02 Маусым, 2022
Тәрбиеге негізделген білім балабақшадан басталады
Үйдің берік болмағы – іргетасынан. Ал барлық білім беру жүйесінің іргетасы – балабақша. Мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың тым құрығанда орта деңгейлі білімі бары анық. «Олар мемлекеттің байлығын, тәуелсіздіктің нышанын қызғыштай қору керегін білмей ме? Оқу бағдарламасына енген ғой...» деген ойға қаласыз. Сондай сәтте тәрбие еске түседі.
Қазақстан • 02 Маусым, 2022
Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
Сұхбат • 02 Маусым, 2022
Қазақ геральдикасының тарихы тереңде жатыр
Тәуелсіз жеке ел болудың бір сипаты – оның рәміздері. Осы орайда ұлттық геральдикамыздың тұғыры – мемлекеттік рәміздерді қолданудың құқықтың нормативін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 қаулысымен Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығы құрылған болатын. Іске кіріскеніне бір жылдың жүзі болған аталған орталық қандай келелі істер атқарды және алдағы жоспары қандай? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін біз Геральдикалық зерттеулер орталығының басшысы Асылбек Байжұмамен әңгімелескен едік.
Тарих • 02 Маусым, 2022
Ол баста солай туған ту көтеріп...
Отырардан көшкен озан, Атыраудан шыққан ұзан. Озан – дауыс, үн болса, ұзан – көне түркі, қыпшақ тілінде ақын, жырау. Озан иесі мен сөз иесі ұзан Алматыда түйіседі сол жылдары. 1950 жылдың соңы, 1960-қа аяқ басқалы тұрғанда.
Қазақстан • 02 Маусым, 2022
Осыдан оншақты жыл бұрын, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында астаналық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков елорда төрінде студенттермен келелі кездесу өткізген еді.