Аймақтар • 03 Маусым, 2020
«Атамекендік» балалар университетте тегін оқиды
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, Nur Otan партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Бейбіткүл Каримова балаларды қорғаудың халықаралық күніне күніне орай «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Руханият • 03 Маусым, 2020
Бар қазаққа аты мәшһүр Қаздауысты Қазыбек би толысқан кемел шағында жолаушылап келе жатып, жол-жөнекей Қоңырат елінің шетіне ала отауын тіккен жігіттің үйіне түседі. Қазақтың қонақжай дәстүрін сақтаған жігіт би ағасына қой сойып, қол қусырып қызмет қылады. Жас бағыланның еті балбырап пісіп, үлкен астаумен қадірлі қонақтың алдына тартылады.
Руханият • 03 Маусым, 2020
Жүздік құрылымның сипаты қандай?
Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. Кітаптағы елді елең еткізерлік оқиға – ұзақ жыл сарапталған морфофизиологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей қазақтың үш жүздік құрылымында ешқандай, рулық, туыстық үлес жоқ екен. Бар қазақ – бір қазақ екен.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Есірткі өсірген қызылордалықтар ұсталды
Осы жылдың 1 маусымы мен 30 қазан аралығында Қызылорда облысы аумағында өтетін «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 2 дерегін анықтады.
Коронавирус • 03 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 43-ке жетті
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Солтүстік Қазақстан облысында тағы 2 адамның індет жұқтырғанын хабарлады.