Руханият • 03 Маусым, 2020
Әзірет Әлінің «Ғылым бір нүкте еді, надандар оны көп нүктеге айналдырды» деген тағылымды тәмсілі, сүйекті сөзі бар. Осы бір оқшау ойдан таған тартсаңыз, сана ішінде үлкен дүмпу пайда болатындай. Нүкте – адамзат мөрі, болат қорғасындай ауыр, қаққан шегедей мықты. Қаламды ақ параққа қойсаңыз, алдымен нүкте пайда болады. Адамның ғұмыры секілді сөйлем нүктемен басталып, нүктемен тәмамдалады. Леп белгісіндей сымбатты болмаса да, сұрау белгісіндей әдемі өрнектелмесе де, нығыз нүкте – аяқталған тиянақты ойдың жемісі. Бір тармаққа шалқар ойды көгендеп қояды. Тұжырым тудырады, ақиқатты әйгілейді.
Тарих • 03 Маусым, 2020
Ресейдің «Еуропаға терезе тескен» ұлы патшасы І Петр дінбасы мен жандармерия басшысын шақырып алып, үшеуі шетелдердей бай болу үшін Ресей тұрған құрлықты түгелдей орыстандыруға шешім жасапты. «Бұратана» халықтарды әуелі дін жолымен алдап-сулап жіпсітіп, христиан дініне енгізу, аты-жөндерін орысшалау, егер оған көнбесе, қару күшімен мәжбүрлеу керек десіпті. Сөйтіп олар «кембағалдардың» жерлерін тегін иеленіп, асты-үстінің байлығына кенелудің оңай жолы «тоқаш пен тоқпақ» саясатын жүргізу дескен. Мен оны сонау жылдары, қызмет бабымен аралас-құралас болып жүрген кезімде, мәскеулік жазушы-тарихшылардың бірнешеуінен естідім. Үшеудің «тарихи» құжаты Кеңес Одағының мемлекеттік орталық мұрағатында сақтаулы екен де, «№1 үстелдегі» онымен танысқысы келетіндер КОКП Орталық комитетінен рұқсат алуға тиіс екен, ал рұқсат сұрағанға беріле салмаған және құжаттан көшірме алуға тыйым болған.
Медицина • 03 Маусым, 2020
Күрделі аурумен күресте күш біріктіреді
Кез келген аурудың адам ағзасына жайсыз әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Денсаулығыңды нашарлатқанымен қоймай, мазасыз күйге түсіретіні тағы бар. Бас ауырып, балтыр сыздап дәрменсіз халге жеткенде дәрі мен дәрігерді дәнекер етіп, сауығып кетудің жолдарын іздейсің. Ілгеріде өткен ғұламалар, «Адам баласы қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар: олар – денсаулық пен уақыт» деген екен.
Сұхбат • 03 Маусым, 2020
Елімізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі осы жылдың қаңтар айынан бастап енгенімен, мәртебесі анықталмаған азаматтарға 1 сәуірге дейін мүмкіндік берілген. Төтенше жағдайға байланысты бұл жеңілдік 1 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл өзгерістің халыққа пайдасы бар ма? Төтенше жағдай жарияланған кезде отандық кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалды? Осы сауалдарға Медициналық сақтандыру қоры Сараптама және болжау департаментінің аға менеджері Ақтолқын СҰЛТАНОВА жауап берді.
Әдебиет • 03 Маусым, 2020
«Аянбаймын халқымнан, Айнымаймын қалпымнан, Шегінбеймін күн сайын, Жүз мың вагон тартудан» деп рельстің сарт-сұрт дауысымен астаса, алып даланы басына көшіріп бара жатқан «Паровоз» Манекеңнің өз ауылы Ақтоғайға бармапты. Міне, парадокс.