Руханият • 03 Маусым, 2020
Қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбайұлы пайдаланған жез самаурын Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің төрінде тұр. Тарихи құндылығы жоғары жәдігер Ресейдің Тула қаласындағы көпес Василий Баташевтің самаурын фабрикасында 1896 жылы жасалған екен.
Өнер • 03 Маусым, 2020
«Абай-Әйгерім» – Арқалық театрында
Әр театрдың тамырында шуақты, жарқын сәттер мен қиын-қыстау кезеңдер астасқан өзіндік қалыптасу, даму тарихы жатады. Арқалық қаласындағы қазақ жасөспірімдер театры да өз тарихында талай өткелден өтті.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі әкім жастармен «Birgemiz: Asyl mura» орталығында кездесті.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Алматы облысындағы жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Жетісуда жыл соңына дейін ашылатын жұмыс орнының саны 22,8 мыңға жетеді деген болжам бар. Бұл қадамға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асатын 977 жобаның нәтижесінде қол жетпек. Осы мақсатқа бюджеттен 109,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Жаңадан ашылатын жұмыс орнының 1,8 мыңы тұрақты еңбек нарығына үлес қоспақ. Ал облыстағы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 10,5 мың адам жұмыспен қамтылады екен.
Әдебиет • 03 Маусым, 2020
«Мына мені бір күні еске түсіріп...»
«Мына мені бір күні еске түсіріп, Жылайсыңдар, тағдырымды түсініп. Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде, Алып кетті қанатына құс іліп!». 1995 жыл. Осы өлеңді жазып жатқанда ақын небәрі 36-ақ жаста еді. Мазасыз маусым сол жылы сараң кейіп танытып алған болатын. Дүние қуаң тартып, ерте сарғайған аңызды атырап ақын жанына сая болардай емес. Көшпелі жұрт көктің ерте солғанын жақсы ырымға баламайды. Жақсылыққа көрінсе деп еді. «Сарыжайлау» күйіне тербелген сағым қыр да сананы сарсаңға салып біткен. Әдепкі «Сарыжайлауға» ұқсамайды. Қайғылы, қамырықты, терең... Қайран Тәттекең (Тәттімбет) осы белді, осы күйді кешпеді деймісің... Мәңгілік сапарға аттанып кеткен ақынның жазу үстелінде періштенің қанатынан сусып түскен қауырсындардай жайрап жатқан қағаздар қатталып та үлгермеді... Дүние тым-тырыс. Ештеңе болмағандай. Ешкімін жоғалтпағандай.