Руханият • 03 Маусым, 2020
Әбдікәрім Бектаев ағамыз тірі болса, бұл күндері сексен жасқа келіп, елі, жұртының, ағайын, туыс, тілектес замандастарының, отбасы, бала-шағасының құрметіне бөленіп, ықыласына кенеліп, марқайып, төрде отырар еді. Ол құрметті тек абыз жасына келгендігінен емес, еліне, жеріне, өзі өмір сүрген қоғамына адал еңбек сіңіріп, ғибратты сөз, өрісі кең өнеге, асыл текті ұрпақ қалдырғандығынан да көрер еді. Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең тұғырықтысы, өскелең ұрпақпен тұтастығы, рухани қазыналылығы екендігі бүгін айтылған сөз емес, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра.
Қоғам • 03 Маусым, 2020
Қалталылар қауіпті індеттен қалай қорғанады?
Ауру адам талғамайтынына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Коронавирус бай мен кедейді бірдей әлекке салуда. Осы күнге дейін қаржысына сенген қалталылар пандемия алдында қауқарсыз. Шетел асып шипа іздейтіндер ауылға қарай ауа көшті. Індеттің оты тұтанған қалалардан қашқан халықтың санында шек болған жоқ. Блок-бекеттерден өткен қымбат көліктерге қарап-ақ, ақшаның ажалға араша болмайтынын түйсіндік. Әйтсе де атқамінерлер бұған да амал тапқан көрінеді.
Экономика • 03 Маусым, 2020
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, коронавирустық пандемияның салдарынан Вашингтон, Копенгаген және Буэнос-Айрес сынды ірі мегаполистерде қоғамдық көлікке деген сұраныс 75-85%-ға дейін азайып, бұл қызмет түрінің әлемдік кірісі соңғы екі айда 50%-ға қысқарды.
Пікір • 03 Маусым, 2020
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – тарихи борыш
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін мемлекеттік комиссия құру туралы айрықша бастама көтерді. Бұл – қаймақтарымызды қалқып алған кер заманның тұтас өмірімізге тигізген зарарын тереңнен зерделеуіміз үшін аса қажет.
Коронавирус • 02 Маусым, 2020
Covid-19: Тағы 3 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды. Шымкент қаласында ‒ 1956 жылғы азамат, Павлодар облысында ‒ 1935 жылғы азаматша,Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 1959 жылғы азамат.