Өнер • 04 Маусым, 2021
Нәркес те наркескен ақынның дәл осы кейпіне әуелде Модильяни сүйсінген еді. Тіпті өлеңге өмірін арнаған арудың асқақ қалпын, жан толғанысын қара қарындашпен қағаз бетіне түсіріп, мәңгілік мүсінге айналдырған. Бүгінде сол естелікке толы эскиздер махаббат ескерткішіндей көңілге нұр төгеді. Орыс халқының әйгілі ақын қызы қанша жүректі жаралады, өзі де сезімнен қаншама мәрте соққы жеді? Оның түрлі-түсті ғұмыры содан хабар беретіндей.
Өнер • 04 Маусым, 2021
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Juldyzai халықаралық онлайн-фестиваліне Ресей, Грузия, Өзбекстаннан және біздің елімізден 10-18 жас аралығындағы үш мыңға жуық өнерлі жеткіншек қатысып, бақ сынады.
Спорт • 04 Маусым, 2021
Талас ауданы, Тамды ауылының 67 жастағы тұрғыны Жақсылық Мамырбекұлы жұртты таңдандыруда. Ол әлі күнге дейін жүгіруден жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Бір қызығы – ол жеңіл атлетикамен зейнет жасына шыққаннан соң ғана айналыса бастапты. Содан бері спортты жанына серік еткен ауылдағы желаяқ жастарға да үлгі көрсетіп келеді.
Әдебиет • 04 Маусым, 2021
Әйгілі жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» деген шығармасы бар. Қаламгер Алма деген қыздың тағдыры арқылы күрделі мәселені көтере отырып, көп жағдайда адамның өз ойы мен әрекеті өзіне дұшпан екенін жеткізеді. Адамның болмысында бұғып жатқан алапат сезім кезі келгенде атойлап алға шығып, ақырында пендені еркінен айыруы мүмкін. Қоғамда орын алып жатқан кейбір қайғылы жағдайлардың негізі де адамның өзін өзі түсінбеуінің салдарынан болады.
Технология • 04 Маусым, 2021
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің авторлық жобасы – Caspian Startup – 2021 халықаралық стартап-жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Үшінші рет өткізілген іс-шараның тақырыбы ретінде жаңаратын энергия көздері таңдалды – ұйымдастырушылар жастарды да, кәсіпкерлерді де баламалы энергия көздерімен таныстыру мақсатын ұстанды.