Руханият • 26 Маусым, 2020
Әлемді коронавирус жаулаған сәтте заманауи дамыған техника, озық технология мен небір көшбасшы мемлекеттер оған қарсы күресте қауқарсыз қалды. Елдер арасындағы байланыс үзіліп, Жер шарындағы миллиондаған экономикалық процесс пен тауар алмасу тоқтады. Адамзаттың басына түскен бұл ауыртпалықта жан баласы үйінде қамалып отырғанда, әлемнің түкпір-түкпірін шарлауға мүмкіндік алған ақпарат, хабар-ошар ғана болды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Темірдей тәртіп қана індеттің алдын алады
Әлемді үрей құшағына ораған коронавирус індеті күн өткен сайын асқынып барады. Әсіресе елімізде халық жиі шоғырланған ірі орталықтарда тәулік сайын індетке шалдыққандар саны артпаса төмендей қойған жоқ. Шымкентте де эпидемиялық ахуал ушығып келеді. «Жұт жеті ағайынды» демекші, коронавирус жұқтырғандармен қатар қалада пневмониядан қайтыс болғандардың саны өскен.
Қоғам • 26 Маусым, 2020
Қайғыдан қан жұтқан отбасы көмек сұрайды
Жуырда Жамбыл облысында жасөспірімдердің арасында жаппай төбелес болып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Нақтысын айтсақ, Тараз қаласы «Шөлдала» аймағына қарасты «Береке» алабының 15 жастағы тұрғыны Оралбек Кедебаев төбелес салдарынан қаза тапқан-ды. Аталған қанды оқиға, бозбаланың мезгілсіз өлімі, оған пышақ салған жасөспірімдердің қатыгездігі де қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.
Қоғам • 26 Маусым, 2020
70 млн-нан астам теңге желге ұшты
Мұның алдындағы жылдарда Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан: биылғы көктемде пәленбай мың түп тал егілді деген сыңайдағы баяғы кеңестік кезеңдегі секілді мәліметтер жиі естілетін. Әйтсе де кейін сол ағаштардың жай күйі қандай болғаны жөніндегі ақпараттар мүлдем айтылмайтын. Балапанды күзде санайтыны секілді отырғызылған көшеттердің саны қурап қалмай, бой жазып өскен ағаштардың санымен өлшенсе, әлдеқайда әділетті болар ма еді?
Саясат • 26 Маусым, 2020
Үміткерлерге бөлінетін қаржы көлемі белгілі
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу, кандидаттардың сайлау қорлары мәселелері қаралды.