Руханият • 02 Маусым, 2021
Түймебай мен Тұтқабай Әшімбаевтар – менің туған нағашыларым. Ғұмырымдағы ең жақын адамдарымның бірі болған Түймебай Әшімбайұлымен емен-жарқын, ұзаққа созылатын әңгімелерден менің жадымда оның тұлғалы, қамқор, сезімтал және қашанда айналасындағыларға көңіл бөліп жүретін ерекше кісілік қасиеті қалды.
Әдебиет • 02 Маусым, 2021
Жазушы Оразбек Сәрсенбай туралы бір үзік сыр
Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиет аспанында жасындай жарқ еткен бір шоғыр жас буын жарық жұлдыздардың ортасынан ойып тұрып орын алған Оразбек Сәрсенбай, «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы» деп ұлы Абай айтқандай, алғаш қазіргідей қара сөздің емес, сара сөздің саңлағы болып танылғанын көзіқарақты оқырман қауымы жақсы біледі. Білгенде де ақын Оразбектің сол 1962 жылы республикалық жастар газеті «Лениншіл жастың» (қазіргі «Жас Алаш») бетінде жарық көрген «1961 жыл» публицистикалық поэмасы әдебиеттің айналасында жүрген жайсаңдардың өздерінің төбелерінен жай түсіргендей айды аспанға бір-ақ шығарғанынан да, соңы үлкен шу мен дау-дамайға айналғанынан да хабардар болатын.
Экология • 02 Маусым, 2021
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдаған киіктердің популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл тиімділігінің көрсеткіші – аталған жануарлар санының екі жыл ішінде 2 есеге өсуінен көрінеді, яғни киік саны 334 мыңнан 842 мыңға дейін жеткен.
Руханият • 02 Маусым, 2021
Халқымыздың ардақты ақындарының бірі, талантты лирик, ғажап аудармашы, білікті әдебиетші, қаламы жүйрік журналист, қазақ поэзиясының көрнекті көркемсөз шеберлерінің бірі – Ғали Орманов. Ол – жан сырларын, табиғат сипаттарын суреттеген, лирикалық жырларын азаматтық әуендермен тоғыстыра білген толымды ақын. Көптеген өлеңдер жинағының, бірнеше поэма, әңгіме және очерктердің авторы атанған ол Жер жаннаты Жетісу өлкесінде, қазіргі Алматы облысының Қапал ауданына қарасты Ешкіөлмес тауының бауырында дүниеге келген.
Әдебиет • 02 Маусым, 2021
Қалам ұшында: Жат жерде жерленгендер
Қаламгердің «тәтті тамұғынан» буырқанып шыққан шығармасының қашанда жүгі ауыр. Һәм оның салмағын автор өзі ғана білсе керек. Жалпы, жақсы жазудың формуласы жоқ. Әркім өз қадари-халінше, қабілет-қарымы жеткенше жазып бағады.