Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Шүкіршілік. Астана – тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Астанасы, Елордасы, Орталығы болғалы бері, әсіресе ол өзінің астаналық миссиясына сай іргетасы қаланып, аяғынан нық тұрып, шаңырағы көтеріліп, жаңа жарқын келбеті жаһанға жария болып, алдымен өз еліміздің көзі жетіп, көңілі орнығып, ендігі кезекте әлем танып, мойындалуы да кәдімгі үйреншікті, қалыпты жағдай болып келеді. Әрине бұл жақсылық. Қай жағынан келсеңіз де, Астананың бой көтеруі – ұлтымыздың өсуінің, өркендеуінің көрінісі.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы Қызылжар өңірінде де кең қанат жайып, жұртшылық асыға күтетін тағылымды дәстүрге айналды.
Әдебиет • 25 Маусым, 2018
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық тойы ақынның туған жерінен басталды
Түркия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстаннан, еліміздің әр қиырынан жиналған арнайы делегациялар мен құрметті меймандар шоқ-шоқ қайыңдар баурайында жағалай тігілген ақ шаңқан киіз үйлер мен этноауылға тамсана көз тастап, Мағжан рухын сезінгендей болды. Осындағы салтанатты рәсімді облыс әкімі Құмар Ақсақалов кіріспе сөзбен ашып, Мемлекет басшысының мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып берді.
Асқақтатам деп, аласартып алмайық
Бір әріптесіміз көгілдір экраннан «тақыр жерде тұрғызылған қала» туралы көсіліп сөйлеп тұр. Тақырып Астана туралы екен. Мерейтойы иек астына келіп қалған шаһарды мақтауға теңеу таппай қатты қиналса керек, тілінің ұшына оралған тіркестің түрі әлгіндей.
Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Өкінішке қарай, әлі де көп адам ақшаға барлығын сатып алуға болады деп санап, осы ұстанымды басшылыққа алып өмір сүреді. Бұған кейбіреулерді пара алу үшін тәуекелге баруға итермелейтін жалақының мардымсыздығы, сондай-ақ азаматтарымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілікте жемқорлық көріністеріне куә бола жүріп, оған көз жұма қарауы да әсер етпей қоймайды.